Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Қазақстан

Сәкен Хандиллаев Облыстық «Жаңа Түркістан» газетінің редакторы Олжас Әбдіхалықпен канвассинг өткізді

Сәкен Хандиллаев облыстық «Жаңа Түркістан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Олжас Әбдіхалықпен канвассинг өткізді.

Кездесу барысында облыс орталығы Түркістан қаласында атқарылып жатқан тындырымды тірліктер сөз болды.

«Жаңа Түркістан» газеті – бүгінде облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелер жайында хабар таратып, жергілікті халық пен билік арасындағы нағыз «алтын көпірге» айнала білген басылым.

Аз уақыт ішінде көптің ықыласына бөлене білді.Қаламы қарымды журналист Олжас Әбдіхалық облыстағы түйткілді мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне атсалысты. Бұл ретте қоғаммен тығыз байланыстағы «Nur Otan» партиясы «Жаңа Түркістанда» көтерілген мәселелердің шешілуіне өз ықпалын таныта білді.

Партияның басты мақсаты – қаламызда қолайлы өмірді қалыптастыру. Жүздесу барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жүйелі түрде орындалу қарқыны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ өзара пікір алмасып, халықтың игілігі жолында жасалуы тиіс бірнеше жобалар жайында сөз болды.

Сәкен Хандиллаев кездесу соңында журналист Олжас Әбдіхалықтың шығармашылығына табыс тілеп, ақпарат саласындағы қызметіне шынайы ризашылығымды жеткізді.

You May Also Like

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...

Жаңалықтар

Нұртас Адамбайдың «Әкім» деген киносын көрген боларсыз? Күлдіріп тұрып жылататын фильм. Ауыз суға, жолға жарымайтын ауыл тұрғындарының ащы тұрмысын көрсеткен туынды аз уақыттың ішінде...

Денсаулық

Ақ халатты абзал жандардың барлығына бүгінде әлем мұқтаж. Жыл басынан бері кесапат болып жабысқан кеселдің жалғыз құтқарушысы да – өздері. Ел басына күн туғанда...

Жаңалықтар

Түркістан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары болып Ғани Рысбеков тағайындалды.