Колледж ауласында өрт шықты

Бүгін Түркістан қаласы С.Қожанов көшесі 15 үй ауласында өрт шықты. Аталған мекенжайда «Болашақ» колледжі орналасқан. Өрт сөндіру бөліміне тұрғындардың бірінің «қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр» деген хабары түскен.

Колледж ауласында өрт шықты

Қалалық №1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшы орынбасары Нұрболат Кенжебаевтың мәліметі бойынша:

«12:25-те аталған дерек тіркелді. 12:30-да 2 өрт сөндіру көлігі оқиға орнына келіп жетті. Өрт 2 минут ішінде толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер мен күйік шалғандар жоқ.»

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Муздакбаев Бақытжанның дерегі бойынша ғимарат ауласында ағаш қалдықтары, құрылыс заттары, қоқыстар отқа оранған.

«Өртенген аумақ пен ғимарат арақашықтығы жақын болған. Ғимарат аумағында қоқыс мүлдем жағылмау қажет. Мұнда өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы орын алған. Бұл Әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексінің 410-бабында көрсетілген. Азаматтық қорғау заңында көрсетілгендей кез келген ғимараттың өрт қауіпсіздігіне мекеме басшысы жауап беруі тиіс.» -дейді Азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Мұздақбаев. «Болашақ» колледжінің басшысы – Бақдаулет Бегалиев.

Белгілісі, Ибрагимов Дадажан есімді 1964 жылы туылған азамат ғимаратта жалдамалық жұмыс атқарған. Колледждің артқы ауласында оқиға барысында тазалық жұмыстарын жүргізген. 

ТЕГТЕР:
ПІКІРЛЕР

Пікір жоқ. Сіз бірінші пікірді жоғарыдағы форма арқылы қалдыра аласыз.