Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Кен өндірісі тоқтап тұр

Екі жыл бұрын жеке кәсіпкерлерге сатылып, жұмыс жүріп жатқандай көрінген Кентау кен байыту фабрикасында биыл жағдай қиын. Кеншілердің тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, тұрмысы жақсарады деген сенім оты ұялаған болатын. Бірақ …

Елге белгілі кәсіпорынның дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жұмысы мақтанарлықтай еді. Он оқтың жетеуі Кентаудан шыққаны жайлы тарихта бар. Тоқырау кезеңдерінен кейін 2000 жылдары инженер Тұрсынбек Асанбаев кәсіпорын жұмысына қан жүгірте бастаған-ды. Кейіннен фабрика 2003 жылы қорғасын және барит өңдейтін екі бөлікке бөлініп кетті. 2008 жылы банкротқа ұшырап, банктерге қарыздарын өтей алмай, бірінші басшы сотқа сүйрелді. Фабрика өлімші халімен 2014 жылы «ШалқияЦинк ЛТД» қарамағына өткен. Екі жыл бұрын Кентау кен байыту фабрикасының бір бөлігі «КазОйлЭнерджи» ЖШС, бір бөлігі «Vostok Minerals” ЖШС-не сатылған. Сол кездері «Кентауда кен өңдеу өндірісі қайта қосылды, жанданды» сарындағы жаңалықтар желдей ескен-ді.
Барит өңдеу өндірісін қолға алған «Vostok Minerals” ЖШС директоры Серік Жусанбаев кәсіпорынға 200 миллионнан аса қаржы құйғанын айтады. Қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды алуға жұмсаған. Алдағы уақытта инвестиция көлемін 600 миллионға арттыруды жоспарлаған. Дегенмен қазір жұмыстар карантинге байланысты тоқтап тұр. Жұмысшылар ақысыз еңбек демалысына жіберілген.
Бастапқыда 4 ауысыммен 110 адам жұмыс жасап келген кәсіпорынның карантиннен басқа да мәселелері бар. Бас директоры электр энергиясының қымбатшылығы бас ауруға айналғанын жасырмады. Сондай-ақ дайын шикізаттық өнімнің бағасы да кәсіпкерді қуантпай отыр. Егер бұлай жалғаса берсе, жұмысшылардың жалақысының берілуі қиындап, кәсіпорын жұмысын жалғастырады ма деген сұрақ туындайтыны анық.
Екі жыл бұрын Кентауда кен өндірісі қайта жанданып, жаңа жұмыс орындары ашылатынына халық риза болған еді. Серік Жусанбаев алдағы уақытта жұмыскерлер санын 150-ге жеткізуді көздеп отырғанын жеткізген. Бұл бұрынғы кеншілердің тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрмысын жақсартуына сеп болар еді. Бұған кәсіпкер жұмыс жасауға қабілеті мен білімі жоғары маман жетіспеушілігін басты мәселе етіп көрсетті. Кәсіпорында жылына 6О мың тонна табиғи барий сульфатын алу көзделген. Бірақ нақты межеге қол жеткізгені жайлы ақпарат жоқ.
«Барит өңдеу өндірісі» жобасы Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгені белігілі. Жоба құны 138,4 млн теңгені құраған. Серік Жусанбаев кәсібіне мемлекеттік қолдау танытылмай отырғанын айтады. Ал Кентау қаласы Кәсіпкерлік және туризм бөлімі кәсіпорынның қазіргі халінен бейхабар. Тек «Vostok Mineral» ЖШС-нің мемлекеттік субсидиялауға өтініш жазбағанын мәлімдеді.

Фото: otyrar.kz сайынан алынды.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...