Қала әкімімен кездесуде Әжелер алқасы, Аналар кеңесі, Әйелдер алқасы қоғамдық ұйымдарында белсенді қызмет етіп жүрген аналар қатарында Дүйсенкүл Жамболова, Ұлжан Мұстафаева, Зина Баймаханова, Гүлсара Тоққұлова болды.
“Тәуелсіздік күні қарсаңында өздеріңізге жыл ішінде қаншама жағдайларда да халықпен бірге болып, пандемияда да қолғабыс еткендеріңіз үшін алғыс білдіруді ниет еткен едім. Сіздерге алғысымды білдіру бүгінгі күнге тура келіп тұр екен. Қоғамда да, өмірімізде де ананың қадірі ерекше. Сол үшін де сіздердің барыңызға, әрдайым тілеуімізді тілеп отыратындықтарыңызға шексіз алғысым мен құрметімді білдіремін!”, – деген Рашид Абатұлы алғыс хаттар тарту етіп, сый-сияпат көрсетті.

