Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Білім

БОЛАШАҚҚА АПАРАР АЛТЫН КӨПІР

Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман бiлекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдiң қуаты, ең алдымен, бiлiм мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол бiлiмдi қажетке, тұрмыс игiлiгiне жарата бiлуiмiзбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік-жiгердi талап ететiн бiлiмсiз өмiр тұл», – деп атап өтті Елбасы. <<Жастар болашаққа апаратын алтын көпір», – дейді – дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабiлетiне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Бiздiң әлеуметтік- экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендiгi кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу iсi олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.

Әрбір қазақ жастары өздерiн ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Елiмiздiң бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдiң айқын мақсаттарымен жiгерленiп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенiмiн, үмітін ақтау-жастардың қолында. Жастарға патриоттық тәрбие берудiң бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлiмiнде: «…біздің балаларымыз бен немерелерiмiз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бiр iс тындыруға міндетті екенімізді естен шығармайық! Сонымен қоса, тағы бір айта кетерлік жағдай бүгінгі таңда қара шаңырақ ҚазҰУ студенттерінен өзіміздің күтер үмітіміз орасан зор. Себебі, олардың бойындағы қайсарлықты, шабытты, ұмтылысты көргенде, осы жастар бiразды таңқалдырар адам болады деймiз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, философия ғылымының кандидаты

Данат Жанатаев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары:

Қали Теміржан, Башар Нұртөре, Исалы Марғұлан, Дүйсенбиева Гүлнара, Амешова Айдана

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...

Мәдениет

Жарты ғұмырын ән әлеміне арнаған дарынды тұлға — Шәмшінің туғанына биыл 90 жыл толды. Кеңес кезеңінде қазақ нақышындағы сазды өлеңдердің өмірге келуіне талай еңбегі...

Денсаулық

Ақ халатты абзал жандардың барлығына бүгінде әлем мұқтаж. Жыл басынан бері кесапат болып жабысқан кеселдің жалғыз құтқарушысы да – өздері. Ел басына күн туғанда...