Жәрмеңкеден қалмаңыз!

Облыс орталығында игі істердің жалғасып жатқаны көңілді қуантады.

Жәрмеңкеден қалмаңыз!
ЖАРНАМА ОРНЫ
21.11.2020
38
A+
A-

Түркістан тұрғындары үшін қаладағы  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 26 қыркүйектен басталған жәрмеңкенің бүгінде уақыты ұзарды. Келер жылдың 3 қаңтарына дейін нарықтағы бағадан төмен сатылымда тұрған азық-түліктерді «Алтын-Бұлақ» базарында табылады. Әр аптаның сенбі және жексенбі күндері таңғы сағат тоғыздан түскі үшке дейін жәрмеңке ұйымдастырылатын болады.

Негізгі өнімдер бойынша Түркістан қаласында ет өнімдерінің нарықтағы орташа бағасы 2000-2100 тг/кг құраса, жәрмеңкеде 1800 тг/кг.; қарбыз, қауын 80-100 тг/кг. болса, жәрмеңкеде 60-70 тг/кг.; көкөніс өнімдерінің орташа бағасы 250-550 тг/кг. болса, жәрмеңкеде 200-450 тг/кг.; сәбіз, картоп 115-130 болса жәрмеңкеде 75-100 тг/кг аралығында сатылады. Яғни, отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарығынан 10-15 % төмен бағада ұсынылады.

ЖАРНАМА ОРНЫ
Тегтер:
Пікірлер

Пікірлер жоқ. Сіз бірінші пікірді жоғарыдағы форма арқылы қалдыра аласыз.