Оған сәйкес қала көшелеріндегі тиісті ұзындықтан асқан және үй маңында терезеге, электр желілеріне зақым келтіретін және техникалық ақау туғызатын ағаштардың артық бұталары қырқылып жатыр. Онымен қоса, көгалдарды қырқу, суару, ору және талдардың түбін қопсыту жұмыстары басталып кетті.


Ағаштардың дәрілеу жұмыстары көктем айларына жоспарланса, жасарту, қурағанын кесу күз және ерте көктем айларында жүзеге асады. Ал оларды суғару арнайы техника, тамшылатып суғару сынды әдістермен іске асып жатыр.


Желілік саябақтағы жасанды көлдердегі сирек кездесетін лилия гүлдері мен Пальма аллеясындағы пальманы қыс мезгілінде күтіп ұстау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Яғни, лилия гүлдері су ішінде өсетіндіктен, су қатып, қолайсыздық тудырмас үшін күтім көрсетіліп, пальманың да талапқа сай өсуіне ерекше назар аударылып жатыр.
Қазірде қаладағы ағаштарға күтімді “Жасыл Түркістан”, “Жасыл арман” және “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС мекемелері жүргізуде.

