Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Қоғам

Күн астында қураған қаржылар

Қазақ «атаңнан мал қалғанша тал қалсын» дейді. Астарына үңілер болсақ, аталы сөзде терең мағына бар.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

Халқымыз атадан әуелі мал емес тал сұратуының өзі мекен еткен жерінің табиғатына аса қатты мән бергендігінен хабардар етеді. «Керемет мекен» деген сөзді сол жердің табиғатына, жасыл желектеріне, ағашпен көмкерілген аймақтарына  қарап айтатынымыз рас қой.

Түркістан облыс орталығы атанғалы қала ішін көркейту жұмыстары қолға алынды. Өңірге ерекше тұқымды ағаштар егіліп жатыр деген ақпараттан соң қаланың жасыл түскен бояла қалатынына шүбә болмаған. Дегенмен, Түркістанға жерсіндірілген ағаштардың бүгінгі сиқын көріп болашағынан күдер үзесің.

Газетіміздің өткен санында «Егілген ағаштар қараусыз қалмасын» атты мақала жариялаған болатынбыз. Онда Түркістан қаласында 2019-2020 жылдар аралығында жерсіндірілген ағаштардың бүгінгі жағдайы мәз емес деп, жасыл желектердің себепсіз қурап жатқаны жайлы айттық. Енді екі жылда Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарына бөлінген қаржы көлеміне тоқталатын боламыз.

Былтыр «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен қалада 30-дан астам орталық көшелер мен 32 сектор бойынша көгалдандыру жұмыстары жүргізілгені анықталды. Оның ішінде 177 884 дана ағаш отырғызылса,  187,867 км суару жүйесі орнатылған. Қала бойынша 50 метрге дейін 48, жиырма метрге дейін 17 ұңғыманың орны қазылған.

Түркістан қаласындағы Майкөтов көшесіне асфальт төселгеніне тұрғындар риза болған. Алайда осы көше бойына егілген жасыл желектердің тағдырына  қатты алаңдап отыр. Бұл көшені көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары былтыр басталған. Бүгінде толық аяқталған. Қазіргі таңда жағалай егілген ағаштардың күтімі жақсы болмағандықтан қурап, арасы сиреп, жоқ болуға шақ қалып тұр. Көше тұрғындары суару жұмыстары жүйелі жүргізілмей, жасыл желектерге су дұрыс жетпей жатқанын айтады. Бұл аймаққа ағаш егу жұмыстары бірнеше мәрте жүргізілген көрінеді. Шамасы жарамсыз ағаштардың олқылығын жабу үшін бір-екі рет қайтадан көшет отырғызып, тіпті кейбірін түбінен кесіп тастаған. 2019 жылғы көгалдандыру жұмыстары осындай нәтиже көрсетті.

Түркістан қаласы әкімдігінің мәліметінше, былтыр қаланы көгалдандыру жұмыстарына 2, 321 млрд теңге қаржы бөлінген.

2020 жылы қала ішін көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары көктем мезгілінде басталған. Биыл «Қашқари», «Тікұшақ», «Қазбек би», «Әл Фараби» сынды скверлерді көгалдандыру жұмыстары қолға алынған.  «Қазбек би» скверінің 900 шаршы метріне  80 дана ағаш егіліп, жарықтандыру бағаналары мен кіші архитекторлық формалар орнатылған. Мұнда егілген жасыл желектердің жағдайы да мәз емес. Кіреберіс беткейде «Қазбек би» деп жазылған аймақтағы көгал сусырап тұр. Тіпті егілген ағаштардың біразы қурап, айналасы қоқысқа толып кеткен.  «Қашқари» скверіне 200 түрлі декоративті ағаштар мен бұталы өсімдіктер, гүлдер жерсіндірілген.

«Тікұшақ» алаңы бойынша «Түркістан» логотипі жазылып, бұталы өсімдіктер егілген. Абаттандыру жұмыстары әлі аяқталмапты. Ал әл-Фараби көшесінің скверін орнату жұмыстары енді басталды. Бұл аймаққа алдағы уақытта 165 дана ағаш пен 1300 шаршы метрге гүлдер отырғызылады деп жоспарланған.

Жалпы биыл жоғарыдағы аталған нысандарды көгалдандыру жұмысына 1,414 млрд теңге қаражат қарастырылған.

Екі жылда қала ішін жасыл желекке айналдыру істеріне 3 млрдтан астам ақша бөлінген. Демек, Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарына кішігірім бір ауданның бюджеттік қаржысы болатындай қомақты ақша бөлініп отыр. Былтыр бөлінген қаржылардың нәтижесін биыл қураған ағаштар көрсетті.  Ендігі кезекте 2020 жылы егілген ағаштарға аударылған қаржының үміті ақталып, өңірдің әсемдене түсуіне септігін тигізсе игі еді.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...