Түркістан қаласы әкімі алдын-ала кезекке жазылған “Сауран” мөлтек ауданындағы 10-нан аса азаматты қабылдады.


Жұмыс сұрай келген азаматты, II топ мүгедегін шаһар басшысы “Түркістан-Су” мекемесіне жұмысқа қабылдауға тапсырма берді. Сонымен қатар, М. Төлебаев көшесінде тұратын кейуананың сол аумақтағы тазалық жұмысына айтқан сыны бойынша сенбілік жасап, бірігіп тазалау бойынша ұсыныс білдірді.


Сондай-ақ, “Мақтазауыт” аумағы Жангелдин көшесі тұрғынының қоғамдық көлік бағытын ұзарту бойынша сұранымын “Жолаушы” ЖШС-нің атқарушы директоры Медет Жұмагелдіұлы келер жылдың қаңтарында ұзаратындығына уәде етті.
Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

