Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтер толықтай электронды форматта көрсетіледі

“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінде қыруар іс атқарылғаны мәлім. Бағдарламаның басты мақсатының бірі – еліміздің экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Бағдарлама аясында дамудың бірнеше бағыттары айқындалды. Оның ішінде бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты,яғни “Цифрлық мемлекетке көшу” жолға қойылды. Бұл бағытта ең басты қойылған талаптардың бірі – мемлекеттік қызмет аясында мемлекеттік қызметшілер мен тұтынушылардың тікелей қарым-қатынасын азайту.

Еліміздегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2019 жылы 80 пайызы, 2020 жылы 90 пайызы электронды форматқа ауыстыру көзделген болатын. Бүгінде табиғи монополия саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай электронды форматта көрсетіледі.

Табиғи монополия салаларында қазіргі таңда 4 мемлекеттік қызмет бекітілген:
  1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру;
  2. Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру;
  3. Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру;
  4. Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару.

Осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алдыңғы жылдармен салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, соңғы 2 жылда көрсету мерзімінен бастап нәтижесін алуға дейінгі кезеңдер түбегейлі өзгеріп, оңтайландырылды.

Мәселен, «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару» мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі 2017 жылға дейін 30 күнтізбелік күнді құрайтын болса, қазіргі таңда, Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу бөлігі толығымен автоматтандырылып, 30 минутта портал нәтижесін ұсынатын болды.

Бұдан бөлек, Табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімге енгізуге бұрын бекітілген қағидаларға сәйкес өтініштен бөлек қосымша растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылатын болса, қазіргі таңда тек өтінішті ұсынса жеткілікті. Ал Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімнен шығару бөлігінің мерзімі 2 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметті алушылар уәкілетті органның немесе “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамның (халыққа қызмет көрсету орталы) кеңселері арқылы өтініштерін қағаз жүзінде ұсынбай, тек www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы ғана өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып электронды түрде өтінішті жолдаса болғаны.

Табиғи монополия саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 05.06.2020 жылғы №47 бұйрығымен бекітілген “Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру” мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 13.08.2019 жылғы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында толығырақ таныса аласыздар.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылы барлығы 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мерзімнен кешіктіру секілді мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдану фактілері орын алмады. Бұл – департаменттің мемлекеттік қызмет көрсетудегі үлкен жетістігі.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті

басшы орынбасары Айбек Егембергенов

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...

Жаңалықтар

Түркістан облыс орталығы атағын иемденіп, қала ішіне жаңашыл бағыттағы идеялар легі іске аса бастады. Қала кіреберісінен толық көмкерілген әдемі гүлзарлар мен саябақтар көне шаһардың...

Жаңалықтар

Түркістан қаласы әкімдігінде 109 қызметі, яғни Бірыңғай байланыс орталығы ресми түрде іске қосылды.

Жаңалықтар

Түркістан облысында қылмыс болмаған, мүлдем мәселесі жоқ ауыл бар десек, сенесіз бе? Ертегі емес, шынымен де дәл солай. Бұл Төлеби ауданындағы Жоғарғы Ақсу ауылдық...