Тазалық – саулық кепілі, саулық – байлық кепілі

Бүгінгі таңда планетаның ластануы экологиялық апаттың өрши түсуіне ықпал жасауда. Жерде ретсіз жатқан жәй ғана пластиктың өзі қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді. Ойлап қарасақ, жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Табиғаттан аларымызды алып, қалдықты қайта өзіне лақтыра салатын дәрежеге жеттік. Тіпті экологтардың өзі қоқыстан келетін қатердің қаншалықты ауыр болатынын хабарлап, дабыл қағуда.