Өркениеттің көшін бастап, білім мен ғылымның, ислам дінінің Орта Азиядағы ордасы ер Есімнің тұсында Қазақ хандығының астанасы болды. Қазақы мәдениеттің, қазақы болмыстың қаймағы бұзылмай, тарихын тереңге жайған мәуелі ағаштай әр тасы сырға толы, руханияттың бал-бұлағы Түркістан екеніне ешкім қарсы келе қоймас.
Оңтүстіктің қонақжай мекені Түркістанға келген қонақ үшін әуелде Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі жарқырап көрінсе, қазірде түркі халықтарының астанасы түрлі ғимараттарымен келушілердің назарын бұрып отыр. Түркістанның күн санап дамып отырғаны тұрғындарды шат-шадыманға жетелеп, қуантады, әрине. Мұның барлығы – облыс орталығындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Қазіргі таңда Түркістанға келіп тәу етем, Қожа Ахметке сәлем берем деген жандар үшін Халықаралық әуежайы бүгінде қызмет көрсетеді.
Сонау облыс орталығы болған сәтте атой салып, қуанған жұрт екі жыл ішінде осынша өзгерісті бастан кешіреміз деп ойлады ма екен? Ал оның басы-қасында жүрген Рашид Аюповтың еңбегін айтпасқа болмас. Түркістанды әлемнің әр бұрышынан келген қонақтардың есінде ұзақ сақталатындай таныстыру үшін қолынан келгенін жасап бағып жүр. “Жас келсе – іске” деген даналықты өзіне серік еткен жас әкім өзінің іскерлігімен, еңбекқорлығымен өте-мөте танымал. Жыл сайын жоспарланған инфрақұрылым жүйелері де айтарлықтай қамтылып, газ жүйесі де, су, сапалы электр, жол мәселелері шешімін тауып жатқаны — игіліктің белгісі.
“Ашық әкімдік” жүйесін қолға алған Рашид Абатұлының бастамасы барлық жергілікті атқарушы органдарға басшының бұл әрекеті халықтың жергілікті атқарушы органға деген сенімін ұялатып келеді. Осының арқасында әкімдікті торуылдап жүретін тұрғындардың саны азайып, әлеуметтік желіде әкім мен әкімдіктің ашық жұмыс жасап жатқанын байқауға болады. Әкімнің бастамасымен, бөлім басшылары да тікелей эфирге кіріп, төтесінен қойылған сауалдарға да жауаптарын беріп жатыр. Әр бөлімдерде әдеттегідей тек басшыны таныстыру емес, оның қызметінің ойдағыдай, сапалы, уақытылы атқарылуына үлкен септігін тигізіп жүрген қарапайым қызметкерлердің халық алдында танылуы да өте орынды. Әрі кімнің қандай қызмет істейтінін біліп жүру – тұрғындарға да қажетті-ақ. Бұл – тең мүмкіндік, тең дәреже. Мұндай жүйені жастар жағы да қос қолдап құптайды.

