Әкімшілік-іскерлік орталықтағы шыршаның шамын қала әкімінің орынбасары Мерлан Керімжанов жақты. Қала тұрғындары карантин режимінде аса ысырапшылдыққа жол берілмеуін және бәр сәт көтеріңкі күйде болуы үшін шыршаның сәндендіріліп, орнатылғанына оң көзқарас танытқан еді. Бүгінде қалаға көрік берген шырша тұрғындар үшін, балалар үшін шамы жарқырай сән беріп тұрмақ.
Алда, былтырғы жылы Жеңіс саябағында орнатылған шырша Гүлдер саябағы аумағына қойылып, жарықшамымен сән беріп тұр.
Жаңа жыл берекесімен, ырыс-несібесімен келсін! Шыршаға барған жағдайда арақашықтық сақтап, бетперде тағып жүрулеріңізді сұраймыз!
Біздің мақсатымыз – Сіздің жайлылығыңыз!

