“Алтын бұлақ” автобекетінде өткен сауда алаңында Сайрам және Төле би аудандары мен “Түркістан” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері ұсынылды.
Атап айтсақ: асқабақ 50 тг, қызанақ 200-300, қияр 400, сәбіз 75 тг, картоп 89-100 тг, пияз 56 тг, сарымсақ 900 тг, қызылша 100 тг, қырыққабат 60 тг, алма 200-250 тг, жүзім 550 теңгені құрады.
Жалпы, бүгінгі жәрмеңке аясында 30 тонна өнім қойылып, сатылымға түсті.


Құрметті қала тұрғындары!
Жәрмеңкеге барған жағдайда арақашықтықты сақтай жүре, бетперде тағуды естен шығармауларыңызды өтінеміз.

