Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Бейне

Отан үшін өмірін қиғандарға қала орталығынан билборд бұйырмады

Түркістан қаласынан Ұлы Отан соғысына 18 мыңнан аса азамат аттанған. Бүгінде олардан көзі тірі 4 ардагер ғана қалды.

Көрші Ордабасы ауданы әкімдігі Жеңіс күніне орай, соғыс ардагеріне көлік мінгізді. Ал Түркістан қаласы әкімдігі Отан үшін от кешкендердің ерлігін қала сыртында насихаттауды ұйғарыпты.

Түркістан-Кентау тас жолы бойындағы билбордтарға соғыс ардагерлерінің суреті ілінген. Өкініштісі сол, әкімдік қала орталығындағы тақташаларды батырларға арнауға қимаған.

Түркістан-Кентау тас жолы

Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы LED-экрандар мен тақташаларда газоблок секілді жарнамалар өріп жүр.

Бекзат Саттарханов даңғылы

Отан үшін өмірін қиған ерлерге қала орталығындағы билбордтардан орын табылмағаны қалай?

Бекзат Саттарханов даңғылы

Әлде бетон секілді жарнамалардан түскен қаражат түркістандық қаһармандардың өмірінен артық болды ма? Ең болмағанда, бос орындарда 5-10 күн тұрса да Ұлы Отан соғысы ардагерлерін насихаттауға болар еді.

Бекзат Саттарханов даңғылы

Бұл – Түркістан қаласындағы идеологиялық жұмыстардың нашарлығын білдіреді. Осылайша Отан қорғағандардың ерлігі ел назарында емес, тасада қалып отыр.

You May Also Like

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...

Мәдениет

Жарты ғұмырын ән әлеміне арнаған дарынды тұлға — Шәмшінің туғанына биыл 90 жыл толды. Кеңес кезеңінде қазақ нақышындағы сазды өлеңдердің өмірге келуіне талай еңбегі...

Денсаулық

Ақ халатты абзал жандардың барлығына бүгінде әлем мұқтаж. Жыл басынан бері кесапат болып жабысқан кеселдің жалғыз құтқарушысы да – өздері. Ел басына күн туғанда...

Жаңалықтар

Нұртас Адамбайдың «Әкім» деген киносын көрген боларсыз? Күлдіріп тұрып жылататын фильм. Ауыз суға, жолға жарымайтын ауыл тұрғындарының ащы тұрмысын көрсеткен туынды аз уақыттың ішінде...