Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

ЖАС СПОРТШЫ БАПКЕРЛІККЕ БЕТ БҰРДЫ

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионы атанған.

Сырым Қалмырзаұлы – Әскери самбодан спорт шебері. Сондай-ақ қоян-қолтық ұрыстан өткен спартакиадада 2-орын иеленген. Соңғы жетістігі джиу-джитсу комбат систем спорт түрінен ел біріншілігінде 77 келі салмақ дәрежесінде 3-орынға қол жеткізді.
«1997 жылы 12 наурызда ОҚО, Мақтаарал ауданы, Азаттық ауылында дүниеге келдім.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебін бітірдім. 7-сыныптан бастап еркін күреске қатысып, спортқа бет бұрдым. Есейе келе джиу-джитсу, әскери самбо, қоян-қолтық ұрыс, ММА спорт түрлеріне қатыса бастадым. Әрине, жаттықтырушыларым – Бауыржан Сыздықбаев, Мұхтар Мамбетов, Мейірхан Досымбаев, Бауыржан Оралбеков, Әділ Сейітқұл, Қалдар Қасымбаевқа алғысым шексіз. Өмірімді спортсыз елестете алмаймын. Жаттығу жасау жаныма жақын іс. Сондықтан күнделікті 4-5 сағатымды жаттығу залында өткіземін. Бапкер ретінде шәкірттер дайындаудамын»,-деді ол.


Спортшы негізінен 2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжінде Заңгер мамандығы бойынша білім алған. 2015 жылы Отан алдындағы борышын өтеді. 2017-2020 жылдар аралығында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде “Дене шынықтыру және спорт” мамандығын бітірген.
Сырым Қалмырзаұлы – бүгінде Ә.Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шығыс жекпе-жек бөлімінде бапкер. Жас бапкер Жетісай ауданы, Асық-ата кентінде жасөспірімдерді ММА аралас жекпе-жек, джиу-джитсудан жаттықтыруда.

Нұртас Кеңесбеков

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...