Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Қоғам

электр желілерін қауіпсіз пайдалану туралы

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысымен электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын пайдалану туралы қысқаша сұхбат

Бекжан Мухидинұлы, қазір жаз мезгілі. Осы мезгілде құрылыс жұмыстары көп жүргізілетіні белгілі. Сондықтан электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың қағидаларын еске сала кетсеңіз.

Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың қағидалары «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 30-1) тармақшасына сәйкес орындалады. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының барлық жұмыс істеп тұрған, жобаланатын, салынып жатқан және жаңғыртылатын электр желілеріне, оның ішінде ұлттық электр желілеріне қолданылады және оның аумағында заңды және жеке тұлғалармен орындалады.

Бекжан Мухидинұлы, тұрғындар электр желілері объектілерінің күзет аймақтары дегенді түсінбей жатады. Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын толығырақ түсіндірсеңіз.

Электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануын, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған халық арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі болып табылады. Яғни, қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді. Ал егер, электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізгіңіз келсе, жазбаша келісім алған тұлғалар ғана өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.

Бекжан Мухидинұлы, электр желілерінің күзет аймақтарының жай-күйін қадағалау бойынша, Департамент тарапынан қандай жұмыстар жүргізіледі?

Электр желілерінің күзет аймақтарының жай-күйін бақылау мақсатында, осы желілер бар ұйымдармен жоспарлы, кезеңдік, сондай-ақ желілерде технологиялық бұзушылықтар пайда болған жағдайда немесе шағым, арыз болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер арқылы қамтамасыз етіледі.

Электр желілері күзет аймақтары шекараларын белгілеу қалай жүзеге асырылады?

Электр желілері объектілерінің күзет аймақтары және осындай аймақтардың шекаралары электр желілері кернеуіне байланысты. Атап айтқанда, кернеуі 1 кВ дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 м, кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м, 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес, 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес, 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес, 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес, 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес, 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес болып белгіленген.

Электр энергиясын пайдалану тәртібін халық дұрыс түсінбей жатады. Толығырақ айтып кетсеңіз.

“Электр энергетикасы туралы” 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 21) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген тәртібі бойынша жүзеге асырылады.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен

жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

Түсінікті. Салынып жатқан обьектіге электрмен жабдықтау мүмкіндігі туралы айтып кетсеңіз.

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады. Желілер немесе қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттар жобаланатын желілердің иесімен техникалық шарттар келісілгеннен кейін жобаланатын желілерден беріледі.

Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда не болады?

Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға еркін нысанда өтінішті қайта береді.

Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының белгіленген азаматтық заңнамасымен электр беруші (электр өндіруші) ұйымның әрекетіне шағым береді.

Тұтынушы техникалық шарттарды алу ақылы түрде ме, әлде ақысыз түрде боладыма?

Тұтынушы үшін техникалық шарттарды алу ақысыз түрде жүзеге асырылады.

Кейде көп адамдар, үйде жарықты заңсыз ажыратып кетіпті дегенді естіп жатамыз. Осы электр энергиядан ажырату туралы айтып кетсеңіз.

Жақсы сұрақ. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мынадай жағдайларда;

1) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өтінімі бойынша электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем жүргізілмегенде, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда;

2) электрмен жабдықтау шартында белгіленген электрді тұтыну режимі бұзылғанда;

3) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның осы Қағидалардың бұзушылықтарын жою туралы талабы белгіленген мерзімде орындалмағанда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.

Электр энергиясын беруді тоқтату тұтынушыға хабарлау неше күн ішінде жүзеге асырылады?

Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға (шектеуге) дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын мерзімде тұтынушыны (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыны – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын) жазбаша ескерте отырып (хабарлама беру жолымен) немесе тұтынушыларға тұтынушының шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) хабарлама жіберу арқылы электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға (шектеуге) өтінімді энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жібереді.

Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым резервтік қуаттандыру болмаған жағдайда, жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтауды тоқтату туралы ажыратудан күнтізбелік үш күн бұрын ескертеді.

Электр энергиясын беруді тоқтату тұтынушыға хабарламайтын жағдайлар боладыма?

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электр энергиясын беруді мына жағдайларда алдын ала хабарламай, толық тоқтатады:

1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желісіне электр энергиясының қабылдағыштарын өз еркімен жалғау;

2) электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарынан басқа (есепсіз) электр энергиясының қабылдағыштарын қосу;

3) тұтынушының кінәсінен электр энергиясы сапасының көрсеткіштерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қызметін бұзатын мәнге дейін түсіру;

4) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның және энергетикалық қадағалау және бақылау органының өкілдерін жұмыс уақытында тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары мен электр қондырғыларына жібермеу (іссапарға жіберілген жұмыскер құқығында);

5) апатты жағдайда.

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...