Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Жаңа тағайындау

Түркістан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары болып Ғани Рысбеков тағайындалды.

Ғани Рысбеков Түркістан қалалық жастар, спорт және туризм бөлімінің басшысы, Түркістан қаласы әкімі аппаратында бірнеше лауазымда қызмет атқарған.  Түркістан қаласы әкімдігінің экономика бөлімінде басшы және Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ іскер маман 2015-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарған. Кішіпейіл әрі қарапайым азамат Түркістандағы маңызды мәселелердің шешімін табуға өзінің сүбелі үлесін қосты. Артынша Кентау қаласына әкім болып тағайындалды. Қызметін Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының төраға орынбасары ретінде жалғастырған Түркістанның “Құрметті азаматы” облыс әкімінің аппарат басшысы орынбасары болып тағайындалды.  

Ғани Құрмашұлы осы уақытқа дейін «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттары қауымдастығының құрметті депутаты» медальдарымен марапатталған.

«Жаңа Түркістан» газеті редакциясы облыс халқына өзінің іскерлігімен таныла білген Ғани Құрмашұлына жаңа қызметте сәттілік пен халықтың ыстық ықыласына бөлене беруіне тілектестігін білдіреді.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...

Денсаулық

Ақ халатты абзал жандардың барлығына бүгінде әлем мұқтаж. Жыл басынан бері кесапат болып жабысқан кеселдің жалғыз құтқарушысы да – өздері. Ел басына күн туғанда...

Жаңалықтар

Нұртас Адамбайдың «Әкім» деген киносын көрген боларсыз? Күлдіріп тұрып жылататын фильм. Ауыз суға, жолға жарымайтын ауыл тұрғындарының ащы тұрмысын көрсеткен туынды аз уақыттың ішінде...

Жаңалықтар

Бүгінде Түркістанның көгалдандыру жұмыстарында сападан гөрі санға көп мән беріліп жатқаны байқалады. 6 ай бойы «Жаңа Түркістан» редакциясы қаладағы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын сынға...