Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті ММ хабарлайды.

Түркістан облыс орталығына айналғалы бері қала ішінде құрылыс қарқынды жұмыс жасап жатқанымен, кейде электр желілеріне, магистралды су желілеріне залал келтіріліп жатыр.

Атап айтқанда, 2021 жылғы 24 мамыр сағат 17:05-те Әкімшілік іскерлік орталығы аумағында (Шымкент тас жолы мен Жаңа әкімішілік ғимараты қиылысында) орналасқан «Отау» сауда-орталығына, «Түркістан Яссы» ЖШС-ы су, ауыз су, кәріз жүйелері құрылысы жұмыстарын жүргізу барысында, 10 кВ жер асты кабель желісін зақымдап, нәтижесінде Департаменттер үйі, «Алатау Медиа» орталығы электр жарығынсыз қалды.

Департамент тарапынан «Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 302-бабы 2-тармағына сәйкес, «Түркістан Яссы» ЖШС-не айыппұл салынғандығы туралы хабарлайды.

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...