Түркістан облыс орталығына айналғалы бері қала ішінде құрылыс қарқынды жұмыс жасап жатқанымен, кейде электр желілеріне, магистралды су желілеріне залал келтіріліп жатыр.
Атап айтқанда, 2021 жылғы 24 мамыр сағат 17:05-те Әкімшілік іскерлік орталығы аумағында (Шымкент тас жолы мен Жаңа әкімішілік ғимараты қиылысында) орналасқан «Отау» сауда-орталығына, «Түркістан Яссы» ЖШС-ы су, ауыз су, кәріз жүйелері құрылысы жұмыстарын жүргізу барысында, 10 кВ жер асты кабель желісін зақымдап, нәтижесінде Департаменттер үйі, «Алатау Медиа» орталығы электр жарығынсыз қалды.
Департамент тарапынан «Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 302-бабы 2-тармағына сәйкес, «Түркістан Яссы» ЖШС-не айыппұл салынғандығы туралы хабарлайды.