Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Қоғам

Жетімнің күйін кешкен “ПАВЛОВНИЯ”

Жылына 5 метрге дейін өсіп 25 метрге ұзаратын, 6 апта бойы гүлдеп тұратын керемет ағаш Түркістанның ажарына көрік қосуы тиіс болған.

Былтыр Түркістан облысында павловния өсіріледі деген ақпарат ел назарын аударған болатын. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласы аумағына жасыл белдеу құрылып, 2022 жылға дейін жоспар жасалған. Бірнеше түрдің ішінде павловния ағашына ерекше назар аударылды. Оның санын көбейту қажеттігі айтылған болатын.

Ағашты 2017 жылы Сарыағаштағы тұқымбақта Балтабай Құрбанбаев есімді азамат өсіруді қолға алған. Кәсіпкер 50 мың түбін Қытайдан алдыртқан. Оның 10 мыңы өткен жылы Түркістан қаласы аумағына егілген. Алайда бүгінгі күні он мыңы бірдей жайқалып тұр дегенге күмән бар. Облыс аудандары мен қалалары ат салысып, Түркістанды жасыл желекке айналдыруға күш қосқанда әрқайсысы нақты қанша данасын сыйға тартқаны белгісіз.

Жылына 5 метрге дейін өсіп 25 метрге ұзаратын, 6 апта бойы гүлдеп тұратын керемет ағаш Түркістанның ажарына көрік қосуы тиіс болған. Ағаштың қала аумағына жерсіндірілгеніне жыл өтсе де биіктігі 1-2 метрден сәл асады. Жүйелі суару мен күтімді қажет ететін павловния шаңға малынып, сусыз қурай бастаған. Тіршілігін тоқтатқандары қала көрінісін кетіріп, қойшының таяғы құсап жерге қадалып тұрғаны.

Аудан әкімдіктері «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы бойындағы бекітілген жерлерге бірнеше түрлі ағаштарды әкеп отырғызған. Оның ішінде белгілісі Түлкібас ауданы 610 түп, сайрамдықтар 250, Төле би ауданы 500, Арыс қаласы 575 түп павловния ағашын сыйға тартқан. Нақты деректерді білу мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне сұрақ қойылды. Бұл жұмыстармен «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі айналысқаны жайлы хабарлады. «Жасыл Түркістан» қала аумағында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Алайда ерекше ағашты мекеме егу жұмыстарымен айналыспаған. Нақты қанша павловнияның отырғызылғаны жайлы мәлімет жоғын айтады.

Облыстық табиғи ресурстар басқармасының «Жасыл аймақ» мекемесі директоры Абуталіп Куламетов қала аумағына егілген павловния ағаштарына жауап бермейтіндігін жеткізді.

Қалаішілік көгалдандыру жұмыстарымен «Жасыл Түркістан» айналысатынын тағы да ескертті. Енді бұл ғажайып павловния ағашы жетімнің күйін кешіп отыр. Жер талғамайтын, мол су берсе, тез өсетін, алыптығы сонша екі көшеттің арасы 5-6 метр қашықтықта болуы тиіс. Дегенмен, бұл жайт ескерілмей, егілгендері бір-біріне жақын арақашықтықта отырғызылған.

Бойларына қарап, «Жасыл Түркістанның» суға қарық қылғанын көруге болады.

Павловния – әлемге танымал ағаш түрлерінің бірі. Шетелдерде жиһаздар жасауға, қағаз шығаруға жиі қолданылады. Су тартпайтын қасиеті ағаш бұйымдарының сапасын арттырады. Кәсіп көзіне айналдырған сарыағаштық Балтабай Құрбанбаев оның бір көшетін орта есеппен он мыңнан сатқан. Осындай сұмдық ерекшеліктеріне қызығып, бәлкім, пайда ойлағандар павловнияны тонап кетті ме деген қорқынышпен Түркістан аумағына егілгендерінің санын түгендеуді жөн көрдік. Жауаптылар жауап қатар деген үмітіміз бар.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...