Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Майкөтов ағаштары көшіп жатыр

Түркістан қаласында «Майкөтов» деген үш шақырым жерді құрайтын үлкен көше бар. Жаңа әкімшілік- іскерлік орталығы мен ескі шаһарды қосатын даңғылға былтырдан бері қомақты қаржы бөлініп, абаттандырылған. Көше бойына жағалай егілген арша ағаштары – бүгінде сапасыз күтім мен салғырттықтың нәтижесін көрсетіп жатыр.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

2019 жылы Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов даңғылы, Әмір Темір, Байбұрт, Әйтеке би, Ғ.Мүсірепов, С.Қожанов, Тәуке хан даңғылы, Н.Төреқұлов, С.Ерубаев, Қазбек би, О.Жандосов, Б.Майлин, Шекті Тілеу көшесі, Жібек Жолы, Майкөтов көшесі, Тікұшақ алаңы, Отырар ықшамаудан көшесі, Музыкалық мектеп маңы, Кентау тас жолынан Парасат бағына дейін көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Майкөтов көшесіндегі ағаш отырғызу жұмыстары былтыр аяқталған. Биыл егілген ағаштар көшенің ажарын аша түсуі қажет еді. Алайда әр-әр жерде киім ілгіш секілді тыр жалаңаш кейіпке енген тұт ағаштарын көргенде зәрең ұшады. Одан қалды, жаяу жүргіншілер жолына жағалай отырғызылған арша ағаштары жайлы мүлдем айтпаса да болады.

Бүгінде көше бойына жерсіндірілген ағаштардың 90%-ы қурап, жоқ болып кеткен. Тіпті көбінің жағдайы нашар болғандықтан болар, себепсіз түбінен кесіп тастаған. Асфальт жолдың қақ ортасына отырғызылған қырым қарағайлары күтімі жақсы болмағандықтан қурап, күз мезгілінде жапырағы түскен ағаштай майысып тұр. Қырым ағаштарының арасы сиреп, соғыстан қайтқан әскер секілді алшақтап қалған. Көгалдарды суару үшін орнатылған құбырлардан су атқылап тұрған жоқ. Көше бойын барлап жүріп, қаншама қаржыны арқалап егілген ағаштар мен көгалдандыру жұмыстарының нәтижесіне қарның ашады. Мұнда ағаштар екі қайтара егілсе де, жайқалған желектерді шығара алмай әлек. Ал 2020 жылы Майкөтов көшесін көгалдандыру жұмыстарының 2-кезеңіне жергілікті бюджеттен 66 миллионнан астам қаражат бөлінген. Бұл қаржы 2019 жылы көгалдандыру жұмыстары аяқталып қойған нысанға неліктен екінші рет қайта бөлінгені белгісіз. Анығы ағаштардың негізсіз қурап, қараусыз қалып жатқаны. Алайда «Жасыл Түркістан» мекемесінен былтыр қала ішіндегі көшелерді көгалдандыру жұмыстарына қанша қаржы бөлінгенін сұрап жауап ала алмадық.

Баяғыда Бодырақ есімді ханның жалшысы болған. Оның байлығы ханнан да асып түсетін көрінеді. Сөйткен Бодырақ тақсырының жүрер жолы мен тағына дейін ғана алтын шашып, есеп берер кезде «бұқараның жолы алтынмен көмкерілуде» деп бөсетін көрінеді. Хан да оған мәз. Күндердің күнінде сарай сыртындағы қарапайым халықтың тұрмысы нашарлап бір түннің ішінде басқа жақа көшіп кетеді. Соңында хан мен Бодырақ алтын шашылған тақыр жерін құшақтап зар еңіреп қала беріпті.

Майкөтов көшесіндегі ағаштар, жағдайы болмаған халқы секілді қазіргі таңда көшіп жатыр. Әлде хан жүретін жолдарды ғана әсемдеп, көзге көріне бермейтін тұстарын ұмыт қалдыра беретін Бодырақтың ісін қайталаймыз ба? Ертеңгі күні ақша шашылған тақыр жерді құшақтап қалмас үшін Майкөтов көшесіндегі ағаштардың неліктен өлместің күйін кешіп тұрғанын анықтауға тырысайық.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...