Ғани Рысбеков Түркістан қалалық жастар, спорт және туризм бөлімінің басшысы, Түркістан қаласы әкімі аппаратында бірнеше лауазымда қызмет атқарған. Түркістан қаласы әкімдігінің экономика бөлімінде басшы және Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ іскер маман 2015-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарған. Кішіпейіл әрі қарапайым азамат Түркістандағы маңызды мәселелердің шешімін табуға өзінің сүбелі үлесін қосты. Артынша Кентау қаласына әкім болып тағайындалды. Қызметін Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының төраға орынбасары ретінде жалғастырған Түркістанның “Құрметті азаматы” облыс әкімінің аппарат басшысы орынбасары болып тағайындалды.
Ғани Құрмашұлы осы уақытқа дейін «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттары қауымдастығының құрметті депутаты» медальдарымен марапатталған.
«Жаңа Түркістан» газеті редакциясы облыс халқына өзінің іскерлігімен таныла білген Ғани Құрмашұлына жаңа қызметте сәттілік пен халықтың ыстық ықыласына бөлене беруіне тілектестігін білдіреді.