ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев бастаған топ 47 шақырымды бағындырды.
«Велошеру Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Алыс шақырымды бірге бағындыру ұжымның ынтымағын нағайта түскені анық. Қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын»,-деді «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Құрметті Президенті Әбілсейіт Оразақынұлы.
Топ құрамында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері бар. Облыс орталығында велоспортты жандандыруды көздеген жандар маршрут бойынша кері бағытта мәреге жетті.
Нұртас Кеңесбеков