Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды. Кешеннің құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Нысан 20,5 га аумақта, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы, «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағында орналасқан.
Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі көпестер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», амфитеатр, шығыс базары, сауда қатарлары мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА мен фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық-ойын-сауық орталығы кіреді.
Сонымен қатар, барлық құрылымдар су арнасымен байланысқан.
«Керуен-сарайдың» ашылу салтанатына Премьер-министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.