Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Өмірбаян

Түркістанда «Керуен-сарай» Кешені ашылды

Nur Otan партиясының бағдарламалық Жол картасына сәйкес Түркістанда Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалды «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды.

Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды. Кешеннің құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Нысан 20,5 га аумақта, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы, «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағында орналасқан.

Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі көпестер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», амфитеатр, шығыс базары, сауда қатарлары мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА мен фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық-ойын-сауық орталығы кіреді.

243122c1 b4a9 4395 aa14 a6534e7a868e

Сонымен қатар, барлық құрылымдар су арнасымен байланысқан.

8170ea7a 9afa 4787 a8ae 27c31c14fa7b

«Керуен-сарайдың» ашылу салтанатына Премьер-министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.

You May Also Like

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...

Жаңалықтар

Нұртас Адамбайдың «Әкім» деген киносын көрген боларсыз? Күлдіріп тұрып жылататын фильм. Ауыз суға, жолға жарымайтын ауыл тұрғындарының ащы тұрмысын көрсеткен туынды аз уақыттың ішінде...

Мәдениет

Жарты ғұмырын ән әлеміне арнаған дарынды тұлға — Шәмшінің туғанына биыл 90 жыл толды. Кеңес кезеңінде қазақ нақышындағы сазды өлеңдердің өмірге келуіне талай еңбегі...

Денсаулық

Ақ халатты абзал жандардың барлығына бүгінде әлем мұқтаж. Жыл басынан бері кесапат болып жабысқан кеселдің жалғыз құтқарушысы да – өздері. Ел басына күн туғанда...