Аталған іс субъектінің өтінішхатына сәйкес Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотына жолданып, субъект Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған сот 5 834 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған.
Соттың қаулысымен, атап айтқанда әкімшілік айыппұлдың соммасымен келіспей, ТМРКД осы қаулыға апелляциялық шағым келтірді.
Апелляциялық шағымды қарау нәтижесінде Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгертіліп, әкімшілік айыппұл соммасы 5 834 000 теңгеден 17 502 000 теңгеге өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті