Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

«ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС-НА САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ 17,5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ӨЗГЕРТІЛДІ

Бұдан бұрын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ны тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалғаны туралы хабарлаған болатын.

Аталған іс субъектінің өтінішхатына сәйкес Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотына жолданып, субъект Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған сот 5 834 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған.   

Соттың қаулысымен, атап айтқанда әкімшілік айыппұлдың соммасымен келіспей, ТМРКД осы қаулыға апелляциялық шағым келтірді.

Апелляциялық шағымды қарау нәтижесінде Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгертіліп, әкімшілік айыппұл соммасы 5 834 000 теңгеден 17 502 000 теңгеге өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...