Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Үгіт-насихат жүргізу жұмыстарындағы немқұрайдылық

Қалаға кірген бойда ілінген баннерлер мен билбордтардағы жазуларды көрген боларсыздар. Мерекелік күндермен қатар белгілі қайраткерлердің қала туралы естеліктері және ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер жазулы тұрады.Тек қана ақпарат таратушы және жарнамалаушы құрал ғана емес, халыққа үгіт-насихат жүргізуде баннерлердің атқарар рөлі үлкен.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

Байқап қарасақ,Кентау қаласындағы біршама баннер мен билбордтар тақырыпқа сай өзектілігін жоғалтып бара жатыр. Себебі қала ішіне кірген бойда ескірген баннерлер көзге оттай басылады. Жалпы Кентау қаласында тозы шыққан әрі мереке күндеріне арналып ілінген билбордтар көп. Әсіресе көлік көп қатынайтын басты жолдың бойы Яссауи даңғылында орналасқан билбордтардың ескіргенін байқауға болады.

Яссауи даңғылындағы 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған билборд

Осы тұрғыда баннерлер мен билбордтарға жауапты Кентау қаласының ішкі саясат бөлімінің инспекторы Тәжібаев Ғалымжанның айтуынша, жалпы баннерлерді ауыстыру жұмыстары тақырыптың өзектілігіне қарай жүргізіледі. Мысалы 9 мамыр күні қойылған билбордтарды 15 мамыр күні ауыстыру керек екенін айтады. Алайда қалада Жеңіс күні мен 7 мамыр қарсаңында қойылған билбордтар әлі де ілулі тұр.

Яссауи даңғылындағы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналып қойылған билборд

2020 жылғы баннерлер мен билбордтарды жаңарту жұмыстарын арнайы порталдар арқылы (яғни тендер арқылы) жүзеге асады деп отыр инспектор маман. Тағы бір мән беретін жайт, шұғыл түрде қойылуы керек болған баннер немесе билбортарды жарнамалық агенттіктерге қарызға жасайтынын айтты. Міне, қызық. Сонда халыққа үгіт-насихат және ынталандыру жұмыстары үшін әкімдіктегілерге қаражат жеткіліксіз болып отыр ма?

Яссауи даңғылындағы ескі билборд. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы болып қайта құрылғанына 2 жарым жыл толды.

Адам санасы қоршаған ортадағы белгілі бір заттар мен құбылыстарға бағынышты келеді. Қарапайым мысал,үй ауласының алдында тұрған темір тақтадағы жазуды күнде көрген сайын мида жаттанды түрде сол жазу қалып қояды емес пе? Ал үгіт нысандары ретінде қолданылатын баннер мен билбордтардың негізгі мақсаты – халыққа идеологиялық ой тастау.

Бұл қалаға көрік қосатын құралдардың ескіріп тұруы қала әкімдігіне үлкен сын. Қалалық Ішкі саясат бөлімінің бұған не себепті көңіл бөлмей отырғаны белгісіз?

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...