Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Кентаудың “көрме экспонаттарына” айналған газ құбырлары

Кентау халқының биыл да көгілдір отынға қолы жетпей қалатын түрі бар. Неге дейсіз ғой.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

Бес жыл бұрын құрылысы біткен «Ескі Иқан» газ тарату станциясын қоспағанда, екі жыл бұрын Кентауды толық газбен қамтымақшы болған Үлгілі мен «Қызыләскердегі» қос станцияның құбырларға көгілдір отынды жалғауға шамасы жоқ. Бүгінгі күні үй-үйлерге қойылған шкафтардың біршамасының тып-типылы шығып жатыр. Шкафтың ішіндегі газ реттегіштері жоғалып кеткені қаншама. Ол – ол ма?

Иқан ауылындағы жарамсыз
шкафтардың бірі,
газ реттегіші ұрланған

Екі жыл бұрын жерастымен тұрғындарға газ апарып беру үшін жасалған құбырлар іші тот басып, қоқыстарға толып қалғаны жасырын емес. Оны Кентау әкімшілігі өздері мойындап, жағдайды түзетеміз, тамыздың оны мен жиырмасы аралығында жуып-шаю жұмыстарын жүргізіп, суық түспей тұрғындарды газбен қамтимыз деген жоспары барын айтқан-ды. Жоспардың ең болмағанда бір пайызы орындалса етті. Алайда кентаулықтардың сарыла күтіп жүрген газға қолы жетпей, қыста күл тасып әбіргерге түсер шақтары жақындағанына қала әкімдігінің пысқырмайтыны аңғарылып қалды.

Кентау қаласындағы бүлінген шкафтардың бірі

Әне-міне газ келеді деген әкімдік уәделеріне кентаулықтар ендігі үйреніп қалған. Күз келді дегенше, қыс та жетіп қалады. Уәдеге сеніп, газға үміттеніп отырар жайлары жоқ тұрғындар ертеңінің қамын бүгінде түгендеп отыр. Тонна-тонна көмір, алыс-жақын ауылдардағы ағайын тезектерін қамбасына толтырып жатыр. Бұл – ақпандағы әкім Дәурен Мақажановтың халыққа есебіндегі уәдесінен бөлек, 19 тамызда жаһанға жар салған «Кентау табиғи газбен толық қамтылады» жаңалығы да әкімнің семіз сөйлеп, арық шыққалы тұрғанынан хабар береді.

Мемлекеттен керекті қаржы бөлінді,газ тарату жүйесі толық салынды. Неліктен Кентау қаласының әкімдігі дайын тұрған газ құбырларына көгілдір отынды жібере алмай жатыр? Жергілікті әкімдіктің қаланы газдандыру жұмыстарын өз уақытында және өз деңгейінде атқармай жатқандығы шындық.

Қалаішілік газдандыру құрылысы 2018 жылы басталған. І кезек бойынша 866 млн теңгелік жұмыс атқарылған. ІІ кезек бойынша 844 млн теңгенің жұмысы аяқталған. ІІІ кезек бойынша Кентау(Бургем) қаласын газдандырудың 1,3 млрд теңгенің жұмысы қабылданған. 2019 жылы қалаішілік газбен қамтамасыз ету жұмысы толықтай бітсе де көгілдір отын тұрғындар игілігіне берілмей келеді. Мұның себебін анық білер ешкім жоқ. Бәлкім, қала басшысы Дәурен Мақажановтың газдандыру мәселесіне келгенде басқалай жоспары бар ма?

Ал қалаға қарасты 16 ауылдық округтің жағдайы тым ауыр. Себебі ауыл тұрғындарының газбен қамтылуы 2023 жылдарға дейін созылған жоспарлар арасында. Мұндай жоспарлардың қалай орындалып жатқанына қарап, жақын онжылдықта істің бітер-бітпесі неғайбыл. Үшқайық ауылдық округі, Теке, С.Қожанов, Нұртас, Жалаңтөс елді мекендерін газбен қамтамасыз етуге 2018 жылы 835 млн теңге бөлінсе де, нысан әлі күнге толық бітпеген. Жаңа Иқан ауылдық округіндегі жағдай да дәл осындай. Ал Хантағы ауылында 432 млн теңге көлеміндегі іс атқарылғанмен, тұрғындар көгілдір отынның келуін күтіп отыр. Кентауға таяқ тастам жердегі Қарнақ, Құшата, Байылдыр елдімекендеріне көгілдір отынмен қашан қамтамасыз етілетіні белгісіз. Оранғай, Қарашық, Шорнақ ауылдық округтерін табиғи газбен қамтамасыз етуге енді қимыл жасалып жатырғаны анықталды.

Екі жыл бұрын салынған Үлгілі мен «Қызыләскер» газ тарату станцияларының құрылыс және монтаж жұмыстарының құны 3,8 млрд-тан асқан еді. Бүгінде олар да көрме экспонатына айналып барады. Қалаға келген барлық «қонақтарға» көрсетілгенімен осы күнге дейін бір де бір үйге газ таратып көрмеген. Егер қала тұрғындары көгілдір отыннан биыл да құр алақан қалар болса, оған Кентау әкімшілігінің «мұрты да қисаймайды». Уәде 2020-дан 2021-ге, ол болмаса 2021-ден 2022-ге ауыса береді.

Сонымен қатар Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Кентауда экологиялық туризмді дамыту туралы тапсырмасы бар. Алайда бұл тапсырма да орындалмай қала ма деген қорқыныш та жоқ емес. Себебі Кентау қою қара күлді көмір түтінін будақтатып отырса, қайдағы экологиялық туризм? Бар болғаны осы. Жапа шегетін тағы уәдеге сенген халық болмақ. Ендігі уақытта газдың келері болмаса, баллондарды баспалдақпен тасыған ана, көмір жағып, күл шығарған апа, отын жарып, тезек құйған ағалар өмірі қайталанайын деп тұр.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...