Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Қоғам

Егілген ағаштар қараусыз қалмасын

2019 жылы Түркістанда елімізде жоқ, өзге мемлекеттерде өсетін өсімдіктерді жерсіндіру бойынша тәжірибе жасау жоспарланған. Егілген ағаштардың санында шек жоқ болғанымен, бүгінде қала ішінде бой көтерген ерекше ағаштардың жайқалып өсіп тұрған бейнесін көрудің өзі мұң.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

2019 жылы Түркісанда елімізде жоқ, өзге мемлекеттерде өсетін өсімдіктерді жерсіндіру бойынша тәжірибе жасау жоспарланған. Егілген ағаштардың санында шек жоқ болғанымен, бүгінде қала ішінде бой көтерген ерекше ағаштардың жайқалып өсіп тұрған бейнесін көрудің өзі мұң.

Кез келген қаланы әдемі әрі сұлу етіп көрсететін тұсы оның жасыл желекке оранған аймақтары. Оның үстіне, көлік терезесінен сыртқа көз тастаған уақытта айналаңыз орман түстес кейіпке еніп, көгалданып тұрса жағымды атмосфера сыйлайтыны анық. Түркістан қаласы да облыс орталығы болған жылдан бастап аймақтарды көгалдандыру мен жасыл желекке айналдыру жұмыстарын бастап кетті. Қаланы жел эрозиясынан сақтау мен көгалдандыру мақсатында жасыл өсімдіктерді Түркістан аймақтарына бейімдеу жұмыстары қолға алынған болатын.

Осыған байланысты Түркістан қаласында 2019-2020 жылы егілген ағаштарға шолу жасап шықсақ. Мысалы 2019 жылы Түркістан қаласына 26 орталық көшелері мен 32 секторларға қайың, күл, үйіңкі, қарағай, арша, каштан және тұт сынды жалпы саны 177 мыңнан астам ағаш түптері отырғызылған. Ал бұл көрсеткіш 2020 жылы талшын, каталпа, арша, терек, қарағай сынды т.б ағаштармен толыққан. Ал осы жылы Түркістан көшелеріне 45 590 ағаш көшеттері егілген екен. Енді көлік терезесінен қала ішіне қараған уақытта жасыл желектерге көмілген Түркістан бейнесін көре аласыз ба?

Бұрындары аймақтарға ағаш отырғызу, жан-жағын тазалау жұмыстарымен мектеп, аурухана секілді мекеме ұжымдары сенбілік жұмыстарда атқарған болса, бүгінде мұндай істермен «Жасыл Түркістан» мекемесі айналысады. Халық арасынан жасыл желектерге күтім жасау үшін арнайы жұмысшы топтар жасақталып, іске кіріскен. Осы уақытқа дейін саябақтар мен көше бойларына егілген ағаштардың жағдайы қараусыз қалып келді. Қазіргі таңда қала ішін көгалдандыру үшін қаншама ағаш егіліп жатқанымен көбісі қурап, өлместің күйін кешіп тұр.

Шәуілдір трассасы, Майкөтов және Жібек жолы көшелерінің бойына егілген қарағай, үлкен арша ағаштарын қурағандықтан ба түбімен қырқып тастаған. Көше бойына қаланың ажарын көркейтеді деп егілген ағаштардың арасы күннен күнге алшақтап, сиреп бара жатқандай. Осындай кейіпке енген жасыл желектер көшенің сәнін келтіріп тұрудың орнына сиқын қашырып тұратыны бар. Байқасақ, соңғы екі жылда Түркістанға арша ағаштары көп егілген. Жер талғамайтын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаштың қазіргі жағдайын көріп таңқаласын. Орталық көшелер мен Б.Саттарханов, С.Қожанов сынды ірі көшелердің бойына жерсіндірілген арша ағашы бүгінде қурап, жоқ болуға шақ қалып тұр. Көше бойынан арша ағаштарының жайқалып тұрған бейнесінен бұрын қураған ағаштарға көзің түседі.

Мысалы 2020 жылы Б.Саттарханов даңғылын көгалдандыру 3 кезеңіне 24 миллионнан астам ақша бөлінген екен. Бұл сандар тек қана бір көшені үшінші рет көгалдандыру немес қураған ағаштардың орнына қайтадан ағаш отырғызу үшін бөлінген бе беймәлім. Ал Б.Саттарханов көшесіне жүргізілген көгалдандырудың бастапқы екі этабына бөлінген қаржы есебін іздеп таппадық.

Қураған ағаштар күннің ыстығына шыдай алмай қисайып жатыр деп топшалайтын болсақ, арша ағаштарының көбісі ыстыққа шыдамды екені тағыда мәлім. Ерекше ағаштардың мұндай күйге ұшырауына екі түрлі болжам жасауға болады. Біріншісі, өңір климатына ерекше ағаштар бейімделе алмады десек, екіншіден, суару және күтім жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Алайда Түркістан климатына жерсіне алмады деп ойлайтын болсақ бұл ағаштардың тұқымдарын екпей тұрып толық зерттеуден өтетіндігі тағы да белгілі.

Сонымен, ағаштар неліктен мұндай халге душар болды?

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...