Анығы 2020 жылы маусым айына біршама мекемелер тиісті есептерді ұсынбаған. Халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмыстарына жауапкершілік танытпауы жауапсыз қалмады.
«Леңгір су» коммуналдық кәсіпорны қызметтерде бекітілген тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есебін уақытында бермеген. Аталған мекемеге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 164-бабы бойынша төрт бірдей іс қозғалған. Істің сотқа жолдануына мекеменің өтінішхаты негіз болған. Төле би аудандық сотының 30.06.2020 және 03.07.2020 жылғы қаулыларымен кінәлі деп табылған. Сот шешімімен 2 222 400 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.
Сонымен қатар, дәл осындай айыппен «Сарыағаш-Тұрмыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны да айыппұл арқалады. Мекемеге үш бірдей әкімшілік іс қозғалған. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының 18.06.2020 жылғы қаулысымен субъекті кәсіпорын кінәлі деп танылған. Жалпы сомасы 1 166 760 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып отыр.