Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Денсаулық

Көше тазалауға мәжбүр болған ақ халаттылар

Ақ халатты абзал жандардың барлығына бүгінде әлем мұқтаж. Жыл басынан бері кесапат болып жабысқан кеселдің жалғыз құтқарушысы да – өздері. Ел басына күн туғанда етекпен су кешетін ерлердің орнын алмастырып, вируспен күресте алдыңғы шепте жүр. Шексіз құрмет пен шынайы алғысқа бөленуі тиіс ақ халатты абзал жандардың Түркістанда қоқыс теріп кетуіне не себеп болды?

Түркістан қаласы 32 секторға бөлініп, әр аумақта апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылады. Мемлекеттік орган қызметкерлері қала тазалығына өз үлестерін қосуға осылайша ат салысып тұратыны бар. Бүгінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталығындағы Кенесары хан көшесінің аумағында апта сайын сенбілік өткізуге тиіс болған. Алайда көшеде бір де бір мемекеттік қызметкердің қарасы көрінбейді. Олардың орнына күні-түн халықтың денсаулығы үшін аянбай тер төгіп жүрген ақ халаттылар ғана бар.

Өздері түнгі ауысымнан шығып, ұйқы былай тұрсын, бала-шағаларының қамын күйттеуге шамасын келтірмей жүрген ұят тірлік олардың жанына батқан. Биыл көктемнен бастап көшелердің шөбін тазалап, ағаштарды ақтау ғана емес, тіпті үйлердің сыртын бояу жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.

Түркістан қаласында орналасқан емханалар мен ауруханалар, тіпті перинаталдық орталықтардың медицина қызметкерлері осындай өз міндеттеріне жатпайтын іспен мәжбүрлі түрде айналысып келеді.

Ал биыл болса, санитария мен тазалық жұмыстарына қалалық бюджеттен 2,184 миллиард теңге ақша бөлінген. Сондай-ақ бұрындары 100 адамның еңбегімен қаладағы қоқыстар тазаланып тұрса, қазір адам саны төрт есе көп. Бюджет көлемі он есеге өсіп, миллиардтап қаржы жұмсалғанына қарағанда тазалық жұмыстарын қадірі жоғары дәрігерлердің атсалысуына дейін баратындай жағдайдың тууына еш себеп жоқ.

Сондай-ақ қаланың 720 көшесінің тазалығына «Жасыл Арман» ЖШС, одан бөлек, «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС де жауапты. Жергілікті тұрғындар ақ халаттылардан басқа екі мекеменің біреуі де көше бойын қоқыстан арылтуға мойын бұрмайтынын айтып шағымданады. Адам жанының дәруіші атанған абзал жандар мұнда қара тер болып, көше тазалап жүрсе, жергілікті тұрғындардың айтуынша тазалық мекемелері өз міндеттерін толық атқармаса да ай сайын әр үйден 500-600 теңге көлемде тазалық үшін ақша жинайды. Бюджеттен бөлінген миллиард қаржы мен қала тұрғындарынан жиналған төлемақыларды қосқанда Түркістан – әлемдегі ең таза қалаға айналып кетуіне бар-жоғы бір ай жетер еді, бірақ қалалық әкімдіктің көше сыпыруға ардақты да аяулы, «халық саулығы үшін» ант берген жандарды жәрдемге шақыратындай деңгейге төмен түскені өте аянышты жағдай.

Мемлекет басшысы ақ халаттыларды Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісін таныта білетін табанды да жауапкершiлігі мол жандар деп құрмет көрсетті. Медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға ие болатынын биылғы жолдауында атап өтті. Алайда Түркістанда оларға деген құрмет қолдарына қолғап кигізіп, қоқыс тергізу арқылы көрсетіліп отырғаны нағыз масқара жағдай екені айтпаса да түсінікті.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...