Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Қоғам

«Рейдерлік жаулап алу ма, әлде рэкеттік тартып алу ма?»

Шаға ауылдық округіндегі жүзім бауы жаз ортасында жер астына кетті.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

155 гектар аумақты үш жыл бұрын жалға алған «Юлдаш ата» шаруа қожалығы 35 мың түп жүзім ағашын отырғызып, осы күнге дейін күтіп баптаған. Шаруа қожалығы құдық қазу және тамшылатып суғару жүйесіне 5 миллион, көшет алуға 3, 5 миллион қаржы жұмсаған.

Енді жемісін көреміз бе деп отырғанда «SPK-SAURAN» ауыл шаруашылық өндірістік корпоративі заңсыз түрде бауды аударып тастады дейді шаруа қожалықтың төрағасы Эльмир Юлдашев. Жүзімдіктен басқа, 2017 жылғы Түркістан қаласы әкімдігінің №933 қаулысына сәйкес, 2028 жылға дейін жалға алынған аумаққа 100 бастық аналық сүт-тауар фирма шаруашылығымен айналыспақ болып, қорасын, одан қалды малшы үйі мен тұрмысқа қажетті барлық дүниесін түгендеп қойған. Қазіргі таңда олар орнында тұрғанмен, «SPK-SAURAN» тарапы шаруаға қысымшылық көрсетіп, егер заттарын алып кетпесе, барлық нысанды топыраққа айналдыруға дайын екенін жеткізген. Бауға арналып қазылған құдық, тамшылатып суғару жүйесімен қоса, жемісін беруге жақын жүзім ағаштарының барлығы бүгінгі күні жермен жексен болған. Бұл туралы осы уақытқа дейінгі шығындары өтеусіз түрде басқыншылықпен тартып алынғаны жанына батқан қарапайым шаруа Эльмир көзіне жас ала баяндайды. Кеткен шығындардан бөлек, жылдар бойы төгілген маңдай тердің босқа кеткені шаруаның өзегіне батса керек. Әрине, шаруаға жасалған осындай сұмдық іс-әрекеттер жанына батпағанда қайтсін?

«SPK-SAURAN» АШӨК-нің «829 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру» жобасы бойынша келісім шарттағы нәтижеге жетуге асыққаны сонша, шаруалардың баулы жеріне дейін төңкеріп тастаған. Баудың орнын басқа жер берілсе, көшіріп-ақ алады-ау, алайда жаз мезгілі ағаштардың орнын ауыстарар уақыты ма? Әрі жалға алынған жер мемлекетке қайта қайтарылған жағдайда, жыл толмай өзгесі пайдалана алмайды. Осы секілді үлкен олқылықтарға Кентау әкімшілігі қалайша жол бергені еш түсініксіз.

Барлық жаңалықтар азық-түлік белдеуінде орналасқан егістік және жайылымдық жерлер, бау-бақшалары бар шаруа қожалықтары біріктірілген деген ақпараттарды жариялады. Алайда «SPK-SAURAN» шаруашылықтарды біріктіру түгілі, бауы бар, егіні бар демей, ешқандай келісімсіз «жүгіңді жи да, артыңа қарама, егер олай жасамасаң, өзіңнен көр» дегенге келтіріп отырған көрінеді. Ал заңды түрде жалға алған жері бүгінде трактормен жыртылып кеткен жалғыз «Юлдаш ата» шаруа қожалығы емес. Бабашев Жорабайдың Бершінтөбе мен Қаратөбе арасында 80 гектар жері болған. Ол жерді де «SPK-SAURAN» аударып тастаған. Ірілі-ұсақты малын бағып жүрген шаруа жануарлардың ауыл көшелерінде топырақ жалап қалғанын айтады. Одан бөлек, бірнеше аумаққа суармалы егін де еккен Жорабай қарттың бүгінгі күні тракторы, басқа да құрал-жабдықтары мен техникалары үй алдында қаңтарылып тұрғанын қынжыла баяндады. Шаруаның сөзінше, бұл мәселе жалғыз өзінің емес, Шаға ауылдық округіндегі көптеген азаматтардың басында бар. Жерінен айрылғандар өздерінің арыз-шағымдарын жинап, жергілікті басқарушы билік өкілдеріне өтініштерін жеткізгенмен, талап-тілектері аяқасты қалғанын айтады.

Сондай-ақ ауыл-аймақта «SPK-SAURAN» АШӨК-тің иесі Түркістан облыстық мәслихаты депутаты екен деген әңгіме бар. Шаға ауылдық округі әкімдігі корпоративтің заңды иелері туралы ақпарат беруден бас тартты. Егер бұр рас болып шықса, облыстың мәслихат депутаты шаруашылық жерлерді қайтару мен шаруа қожалықтарын біріктіруде неге заңға сәйкес жұмыстар жасамады деген ой келеді. Алдағы уақытта «Жаңа Түркістан» газетінің журналистік тобы «SPK-SAURAN» АШӨК-нің қожасы жайлы және өзге де шаруалардың тартып алынған жерлерінің бар-жоғы туралы зерттеу жүргізетін болады.

Шынтуайтына келгенде, ауыл шаруашылығына айқын басымдық беріп, ірілі-ұсақты шаруа қожалықтарының барлық жағдайын жасау керек деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы ескерілмей қалған сыңайлы. Жер-ананың сыйын игілігіне жаратып, еліне пайдасын тигізген, отбасының несібесін маңдай терімен адал тауып жүрген шаруашылық иелерінің шағымына құлақ асар бірі болса етті. Бүгінгі күні еккені түгілі, заңды жерлерінен айрылған шаруалардың бар үміті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында. Қасым-Жомарт Кемелұлының карантин кезінде шаруа қожалықтарының жерлеріне байланысты дау тудырмауға және үнемі бақылауда ұстап отыру жөнінде тиісті тапсырмалар берген еді. Алайда жергілікті басқарушы билік пен құзырлы органдар тарапынан ешқандай іс-әрекет жасалып отырған жоқ. Сол себепті Қазақстан Бас прокуратурасы шаруалардың құқығын қорғап, аталған жайттарға тиісті бағасын береді деген сенім мол. Жоба жобамен, шын бейнет пен төккен тердің өтемі әрқашан және міндетті түрде болуға тиіс.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...