Атап айтқанда, 2021 жылғы 07 маусым сағат 10:55-те Әкімшілік іскерлік орталығы аумағында (Шымкент тас жолы мен Жаңа әкімішілік ғимараты қиылысында) орналасқан ««Басқармалар үйі» ғимаратына «РЫС-ҚАНАҒАТ» ЖШС салқындатқыш құрылғысын қосу жұмыстарын жүргізу барысында, КТП-ның 309-шы секциясының 7-ші ұяшығын зақымдап, нәтижесінде Басқармалар үйі, Облыс әкім аппараты электр жарығынсыз қалған.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ тарапынан «РЫС-ҚАНАҒАТ» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын КТП-ның 309-шы секциясының 7-ші ұяшығын зақымдағаны үшін 302 бабы 2 тармағына сәйкес, айыппұл салынғандығы туралы хабарланды.