Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Денсаулық

Тазалық – саулық кепілі, саулық – байлық кепілі

Бүгінгі таңда планетаның ластануы экологиялық апаттың өрши түсуіне ықпал жасауда. Жерде ретсіз жатқан жәй ғана пластиктың өзі қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді. Ойлап қарасақ, жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Табиғаттан аларымызды алып, қалдықты қайта өзіне лақтыра салатын дәрежеге жеттік. Тіпті экологтардың өзі қоқыстан келетін қатердің қаншалықты ауыр болатынын хабарлап, дабыл қағуда.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

Дәл қазіргі уақытта қоқыс мәселесімен шындап айналысу ең өзекті тақырыптардың бірі. Ал Түркістан қаласы осы қатерлі мәселе төңірегінде тереңнен ойлап көрді ме екен? Адамдардың жеке бас жауапкершілігінен бөлек қаланың таза болуына әкімдік тікелей жауапты. Түркістан қаласы да биылғы жылы санитария мен тазалық жұмыстарына қалалық бюджеттен 2млрд 184 млн ақша бөлген. Демек, атқарушы билік осы жылы қала ішіндегі тазалық жұмыстарына аса қатты көңіл бөліп отыр. Бұрындары 100 адамның еңбегімен қаладағы қоқыстар тазаланып тұрса, қазір адам саны төрт есе көп. Алайда бюджет көлемі он есеге өсіп, миллиардтап ақша құйылса да тазалық жұмыстары әлі күнге дейін оң нәтиже бермей отыр.

Түркістан қаласы, Бірлік мөлтек ауданы

Өкінішке қарай, түркі жұртының астанасы атанған Түркістан – тау болып үйілген қоқыстардан арыла алмауда. Мысалы, Бірлік мөлтек аудан орталығы жабайы полигонға айналған. Ол жерді қоқыс төгетін арнайы орын деп айтуға келмейді. Себебі үйілген үйінділердің маңайында тұрғындар тұрады. Ретсіз төгіле берген тұрмыстық қалдықтар өздігінен бықсып өртеніп жатыр. Ал одан шығатын қолаңса иіс мұрынды жарады. Коронавирус инфекциясынан қорғайтын бетпердені, бұл маңайдан өтіп кету үшін еріксіз тағуға мәжбүрсіз. Ең сорақысы, жабайы полигон маңайында орналасқан тұрғындар күнде осындай лас ауамен тыныстауына тура келеді.

Түркістан қаласы, Бірлік мөлтек ауданы

Қала ішінде бей-берекет шашылып, заңсыз қоқыс төгетін орынға айналған жер бұл ғана емес. Жақында ғана Майкөтов маңайына заңсыз төгілген үйінділерді көрсетіп, құзырлы органдарды құлақтандырдық. Артынша редакцияға «Жасыл Арман» ЖШС мекемесі директорының орынбасары А.Рысқұлов хабарласып, не мақсатпен түсіріп жатқанымызды сұрады. Сонда қаладағы қоқыс төгіліп, қараусыз қалған бүкіл аймақты жауапты органдарға шұқып тұрып көрсетпесең жұмыс істемейді ме? Егер әр мекеме әкімдік тарапынан жіті бақылауға алынып, атқарылған жұмыстар жиі қаралатын болса осындай мәселелер туындамас еді.

1 Шағын ауданы

Зерттей келе аймақтағы 720 көшенің тазалық жұмыстарына «Жасыл Арман» ЖШС мекемесі жауапты екенін білдік. Тазалық жұмыстарға жауапты аталған компания Түркістанға тіркелсе де, басшылық қызметкерлерінің бәрі Шымкенттен келгендері белгілі болды. Сонда қоқыстардан арылу үшін басқа қаладан мамандар шақыртып, жұмыс істетпесе болмады ма?

Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолы

Оның үстіне, Түркістанды бүкіл түркі жұртына ортақ мекенге айналдырамыз деп қаншама жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл туризмдік аймақтардың саны артып, қалаға биік ғимараттар салынды. Алайда, тазалық жұмыстары тасада қалып келеді. Қыдырып келген меймандарымызды жабайы қоқыс полигонына айналған жерлерімізбен шошытып алмайық. Түркістанға қонақтар Батыс-Қытай, Батыс-Еуропа тас жолы арқылы қатынайтыны белгілі. Бір өкініштісі қала кіреберісіндегі үлкен жолдың қос тарапы да қоқысқа көмілген. Рухани қаланың байырғы мұраларын тамашалаймын деп келген жан, қоқыстар мекеніне тап болғандай күй кешетін шығар. Қаладағы ең бетке ұстар көшенің сыйқы қоқыспен көмілсе қала ішінде оңды-солды көше бойына шашылып жатқан қалдықтарға не айтасың?

Майкөтов көшесі

Шетелдік ғалымдардың өзі көшеде шашылып жатқан қоқыстарға бір адамның көзі бірнеше рет түсе беретін болса, жағымсыз энергия сыйлап, көңіл-күйіне әсер ететіндігін дәлелдеген. Сонда бір ғана жауапсыздық салдарынан қаншама адамға зиян көріп отыр. Мүмкін «Жасыл Арман» басшылары шымкенттік болғандықтан қаланы дұрыс білмей, жабайы қоқыс полигонына айналған аймақтарды байқамай қалып жатқан шығар. Не болса да, Түркістандағы қоқыс мәселесі күн сайын назардан тыс қалмауы қажет.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...