Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

«ХІХ ғасырда» өмір сүретін Шоқтас ауылы

Нұртас Адамбайдың «Әкім» деген киносын көрген боларсыз? Күлдіріп тұрып жылататын фильм. Ауыз суға, жолға жарымайтын ауыл тұрғындарының ащы тұрмысын көрсеткен туынды аз уақыттың ішінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Дегенмен Шоқтас ауылына барсаңыз, сол кинодағы оқиға шынайы өмірде қайталанып жатыр ма деген ойға батасың. Нұртас Адамбай қаржыны жасанды ауылды шығаруға шашпай, киноны Шоқтаста түсіре салуы керек еді. Себебі фильмдегі ауыл мен Шоқтастың еш айырмашылығы жоқ. Артығы сол, Шоқтасқа жаны ашитын, ауылдың көркеюіне үлес қосатын бірде-бір әкімнің жоқтығы.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

Түркістан облысында Кентау қаласына қарасты Шаға ауылдық округінің Шоқтас деген ауылы бар. Кішігірім ғана мекенде 42 үйдің отауы тігілген. Бүгінде мұнда 33 шаңырақ тіршілік етуде. Тұрғындар күнделікті күйбеңмен өткен ғасырда, ауыл сырты «XXI ғасырда» өмір сүріп жатқан көрінеді. Сұмдығы сол, ауыл адамдары ауыз суды есекарбамен бірнеше шақырым жерден кезектесіп тасып ішеді. Астарында көлігі бар бақыттылар бұлақ басына барып тазасын алады. Дымы жоғы лай басқан ағын суды пайдалануға мәжбүр.
Бұл аймаққа Үкіметтің 2011 жылғы 24 мамырдағы “Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында ауыз су тарту жұмыстары жүргізілген. Алайда, көп уақыт өтпей, бағдарламаның ғұмыры қысқа болып, жүзеге асуыру барысында түрлі заң бұзушылық әрекеттер әшкере болған еді. Нәтижесінде Шоқтас секілді кішігірім ауылдар ауыз судың зардабын әлі күнге дейін тартып отыр. Шоқтастықтар үшін қанша жылдан бері су тасып үйренісіп қалғандықтан ең басты мәселе бұл емес көрінеді. Алаңдатып отырғаны биылғы оқу жылындағы мектеп оқушыларының жағдайы болып тұр. Барлық дәрістері онлайн жүйеге ауысқан ауыл студенттері ендігісін қашықтықтан қалай білім алатыны уайым. Себебі ауыл ішінде интернет түгілі, байланыс желісі тартпайды. Оқушылардың төртінші тоқсаны төбе бөктерінде өткен. Кейбір оқушылар ағаш басына шығып, әуреленгенін айтып, көздеріне жас алады. Мектеп маңына радио-телеком қойылуы керек болған соң орнатылған екен. Бірақ жұмыс жасап, жасамай тұрғаны белгісіз дейді тұрғындар.
Өзі төрт-ақ сыныпты қамтыған мектептің ұсқыны туралы ауыз ашуға ұяласың. Шаң басқан көшенің ортасына қора секілді қаланған білім ордасы құлауға шақ қалып тұр. Маңдайшадағы «Шоқтас шағын жинақталған бастауыш мектеп» деген жазуды оқығанда ғана мектеп екеніне сенесің. Тек бастауышты қамтыған білім ордасында жоғарғы сыныптар да оқыса екен дейді тұрғындар. Себебі ересек тартып қалған балаларын қалаға тасып шаршаған. Туысы барлар солардың үйіне, туысы жоқтары баласын қалада пәтер жалдап оқытуға мәжбүр. Ғимарат 1954 жылы салынғаннан бері жөндеу көрмеген. Баласының болашағына алаңдаған шоқтастықтар жиналып Кентау әкімшілігіне биыл өтініш секілді арыз тастаған. Дегенмен әкімшілік тарапынан ешқандай мардымды жауап келмеген. Биыл Түркістан облысында эпидемиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында жаңа оқу жылында оқушылардың 92 пайызы қашықтықтан оқыту форматында білім алады деп бекітілді. Шалғайда орналасқан бала саны аз Шоқтас секілді «XIX ғасырда» өмір сүретін ауылдағы шағын-жинақы мектептерге дәстүрлі түрде оқытуға рұқсат беріліпті. Алайда, қисайып, зорға тұрған ғимаратта бүлдіршіндердің қалай білім алатыны белгісіз. Тұрғылықты жерінің жағдайы мәз болмай тұрған уақытта бүкіл әлемді жайлаған вирустың да ықпалы болмай қалады екен. Түптеп келгенде, өңір үшін қауіпті инфекция мен шалғай беткейде елеусіз күн кешіп жатқан осындай ауылдардың келтірер зияны бірдей. Жергілікті қариялар осылай жалғаса берер болса, туған өлкесінде адам қалмай қараусыз қалады ма деп қорқады.
Жұпыны күн кешіп жатқан ауылдың жанында жағдайы жасалған саяжай орналасқан. Тұрғындарды толғандыратыны таяқ тастам жерге тартылған су құбырлары ауылға неліктен жетпей қалғаны? Әкімдік ауылға мектеп салып берер болса, саяжай тұрғындары жақын жерге балаларын оқытуға дайын. Оның үстіне, еліміздегі барлық мектептердің әжетханасы іште болуы шарт еді. Алайда Шоқтастағы мектептің әжетханасы іште болмақ түгілі, сырттағысы талапқа сай емес. Нұсқаушы «мынау әжетхана болады» деп айтпағанда мал қора ма деп қаласың. Қысқасы, не керек аядай ғана аймақтың тұрмысы адам шошырлық. Бірақ таңданбайсың, себебі Шоқтас «XIX ғасырда» өмір сүретін ауыл емес пе?!
Жергілікті атқарушы билік Шоқтас ауылының заман талабына сай өмір сүруі үшін қазіргі жағдайын назарға алса игі.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...