«Аяланың» арқасында

Биыл дүниежүзін COVID-19 жаулап, адамзат өміріне инфекция аса қатты қауіп төндірді. Аталмыш қауіпті індеттің салдарымен бүкіл әлем күресіп, сақтық шараларын енгізді.

«Аяланың» арқасында
ЖАРНАМА ОРНЫ
18.11.2020
50
A+
A-

Кейбір кәсіпорындар мен кішігірім ұйым, сауда орталықтары уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып, қозғалыстар тежелді. Дәл осындай шешуші сағатта дәрігер міндеті артып, беделі асқақтай түскені рас. Дегенмен пандемия кезінде медицина өкілдерімен бірдей түрлі қайырымдылық қорлары белсенді жұмыс атқарды. Мысалы 2007 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Аяла» қайырымдылық қоры пандемия кезінде де белсенділіктерін жоғалтқан жоқ.

Елімізде вирустың өршіп, дәрі-дәрмек пен бетперде тапшы болған уақытта «Аяла» қайырымдылық қоры 1500 медициналық бетперде мен қолғаптар, 60 литр антисептик және мыңға жуық дәрі-дәрмектерді мұқтаж жандарға үлестіре алды. Сондай-ақ, пандемия кезінде онлайндық форматқа ауысқан қырық шақты мектеп оқушыларын планшетпен қамтамасыз етті. «Аяла» қоры мұнымен аянып қалмай, азық-түлік, кейім-кешек сынды керекті заттермен мұқтаж жандарға үлестіріп отырды.

Сондай-ақ, аталмыш қор Мақтаарал ауданында орын алған апатты жағдай кезінде де бей-жай қарап жатпады. Жалпы «Аяла» қоры Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтаарал ауданының балаларына 15 млн теңгеге 251 жинақтама киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған рюкзактарды табыстады.

«Аяла» қайырымдылық қоры осыған дейін 30 мыңнан астам баланың өмірін сақтап қалған. Мыңға жуық бала түрлі кәсіпке баулу сабағынан өтіп, 200 отбасы азық-түлік және жаңа киім түрінде көмек алған. Жоғарғы сынып және колледждің 10 оқушысы CodingLab жобасында оқыды, Алматының төрт жоғарғы сынып оқушылары «Арыстан» арнайы лицейіне оқуға түскен.

Бұл қоғамдық қорда үш медициналық, үш білім беру бойынша қарастырылған барлығы 6 жоба бар. «АЯЛА» Академиясы» жобасының мақсаты Қазақстандағы балалар ауруханасы, перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың дәрігерлері мен медбикелерінің біліктілігін арттыру. Оқыту ayala.academy.kz онлайн-платформасы арқылы Қазақстанның, РФ және ЕО үздік тәжірибелі дәрігер-неонатологтарының видео-курсы арқылы жалғасады. «Профориентация» жобасы балалар үйі және мектеп-интернат балаларының әлеуметтік тұрғыда бейімделуіне көмектесуді көздейді. Мақсат – жасөспірімдерге кәсіп таңдауда бағыт-бағдар беріп, түрлі курстар ұйымдастыру арқылы жұмысқа тұру мүмкіндігіне жол ашу. Осы уақыт ішінде түрлі балалар мекемесіне 120 тігін машинасы және шеберхана құралы орнатылған. «Ерекше балаға – ерекше назар» жобасы Қазақстанның 48 арнайы мектебінде оқитын интеллектуалдық кемістігі бар балаларға көмектесуге бағытталған. Мақсат – мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін мекеме мамандарына, интеллектінде күрделі ауытқуы бар балалы ата-аналарға баланың дұрыс дамуына күтім жасауда қол ұшын беру.

«Өмір сыйлайық» жобасы Қазақстан ауруханаларының балалар бөліміндегі реанимацияны өмірге маңызды құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге бағытталған. 2007 жылы бастау алған жоба, бүгінде еліміздің 36 қаласы мен елді мекенін және 66 медициналық мекемесін қамтыды.

«Басқарылатын гипотермия» Қазақстанда жаңа туған баланың өмірі мен интеллектін сақтап қалуға бағытталған жоба.

«Жақсы іс жасайық» жобасы балабақшалар мен арнайы интернаттарды балалардың емделуі мен күнделікті өміріне қажет құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде аталған жоба аясында балаларға 6 000 ойыншық, кітап, кеңсе тауары сыйға тартылып, 46 ойын алаңы салынды. 5 Монтессори бөлмесі және 19 сенсорлық бөлмесі жабдықталған. Балаларға арналған 200 түрлі ойын-сауық шарасы ұйымдастырылған.

«АЯЛА» қайырымдылық қорының жұмысындағы басты акцент – неонатология, яғни сәбилер денсаулығы қордың басты назарында. Мысалы, Шеврон компаниясының қолдауымен еліміздің барлық аймағынан дәрігерлерді жинап, Алматы қаласында медицина мамандарын өзекті тақырып бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын өткізіп жүр. Бүгінде 7 оқыту семинары ұйымдастырылып, оған Қазақстанның 200 маманы қатысқан. Сондай-ақ перзентті дүниеге әкелуге көмектесетін ұйымдардың неонатологтарына, медициналық ЖОО студенттері мен резиденттеріне арналған 3 әдістік ұсыныс құралы жарыққа шығарылды. Алматыға Пусан Ұлттық университетінің госпиталінен (Оңтүстік Корея) 2 профессор келіп, балаларға 50 кеңес өткізіп, 2 ота жасау шарасына қатысты. Және осы шетелдік госпитальға 2 апталық білікті арттыру бағдарламасы бойынша 2 қазақстандық дәрігер барып қайтқан болатын.

«Аяла» қорыны алдағы уақытта еліміздегі сәбилер өлімі мен мүгедектігін қысқартуға бағытталған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырмақ. Жыл соңында АЯЛА Академиясының онлайн-порталын іске қосуды жоспарлап отырған көрінеді. Осы жобаның арқасында еліміздегі балалар ауруханасының дәрігер-неонатологтары мен медбикелерінің біліктілігін арттыра түспекші. Жоба «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асады. Қор ютуб арнасын 4 плей-парақшамен ашпақшы және ағымдағы жылдың қараша айында жаңа ыңғайлы сайтты іске қосылады дейді. «АЯЛА» қоры жаңа коммуникациялық кампания жүргізіп, жобаларға мүмкіндігінше барша қазақстандықты тартуға ниетті. Сондай-ақ еліміздің кез келген аймағындағы балаларға арналған медициналық және білім беру мекемелерімен жұмыс істеуге дайын.

ЖАРНАМА ОРНЫ
Тегтер:
Пікірлер

Пікірлер жоқ. Сіз бірінші пікірді жоғарыдағы форма арқылы қалдыра аласыз.