Экотуризм қашан дамиды?

Аймақтағы ұлттың, оның құндылықтарын, мәдениетін және терең тарихын әлемге таныту мақсатында іске асырылуы тиіс ең үлкен жоба – экотуризм. Осы салада салынған барлық инвестициялар мемлекетке, аймаққа, ауылға және қалаға өз пайдасын тигізеді. Жергілікті халықтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қол өнері, дәстүрлі мәдениеттерінің көрсетілуі және ұлттық тағамдар, естелік сыйлықтар сату секілді кәсіптермен айналысуы қажет. Өткен жылдары бірнеше рет көтерілген экотуризм мәселесі, өкінішке қарай, қазіргі Түркістан аймағы бойынша аса үлкен маңызға ие бола алмады.

ЖАРНАМА ОРНЫ
17.07.2020
179
A+
A-

Түркістан аймағы тарихи мәдениеті мен табиғи көркемдігі және ашық спорт түрлері жағынан үлкен мүмкіндіктерге ие. Жаз маусымында ғана емес, бүкіл жыл бойынша тұрақты пайда табу үшін мемлекеттің аймақтағы экотуризмді дамытуға үлкен назар аударуы керек. Табиғаттың сұлулықтарына бай Түркістан аймағының экотуризмін дамытуға сұранып отырған Ақсу-Жабағылы, Сайрам-Өгем, Қаратау секілді табиғи керемет қорықтарымыз бар. Одан қалды Сырдария өзені және Шардара су қоймасының жағажайларын да атауға болады. Экотуризмдік жобалар жасалып жатса да, пайдалануға берілмей аяқасты қалып жатқандары жоқ емес.

Төле би ауданында «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенін салу жобасы Үкіметтің қаулысымен 2010 жылы бекітілген Қазақстан Республикасы туристік индустриясының преспиктивалы бағыттарын дамыту жөніндегі бағдарламасында болған. Тіпті сол жобаның инфрақұрылымын қалыптастыруға 2010-2014 жылдары 105 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжат әзірленіп, сараптамадан өткен. Бірақ түрлі себептерге байланысты іске аспай қалған. Одан кейін 2014-2015 жылдары Қасқасу тау-шаңғы курортын құру жобасында инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 448 миллион теңге қаржы бөлінген. Сол жылдары бөлінген қаржыға электр желілер тарту, автомобиль жолдарын салуға дайындық жұмыстары, су құбырларының құрылысы жүргізілумен тоқтаған. Қазіргі таңда Қасқасу тау-шаңғы курортын құру жобасы 2019-2025 жылдарға арналған ТОП-50 туристификациялау картасына енгізілген.
Жақында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласы Қаратау қорығының жанындағы Хантағы туристік нысаны аумағында экологиялық және белсенді туризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар жасалуы тиіс болған. Алайда нақты қандай нысандардың, демалыс орындарының пайда болатыны белгісіз. Кентау қаласы әкімдігі экотуризм аймағына осы жылы тек 8 шақырымдық жол және жарықтандыру жұмыстарын жүргізетіндігін мәлімдеді. Хантағы туристік нысаны «Қасқасу» жобасының кебін кимесе болғаны.

ЖАРНАМА ОРНЫ
Тегтер:
Пікірлер

Пікірлер жоқ. Сіз бірінші пікірді жоғарыдағы форма арқылы қалдыра аласыз.