Газ беру жұмысы шабандап кетті

Ордабасы ауданы орталығы Темірлан аулына газ былтыр күзден бастап пайдалануға беріле бастаған. Республикалық және облыстық бюджеттен газдандыру мақсатында 2 млрд 094 млн теңге жұмсалса да бүгінде ауыл толығымен көгілдір отынға қолы жетпей отыр.

Газ беру жұмысы шабандап кетті
ЖАРНАМА ОРНЫ
18.07.2020
492
A+
A-

Себебін ауданның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Арман Искаков карантиннің әсерінен деп жеткізді. Яғни, газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГаз» компаниясы және монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме «Казмонтаж» ЖШС-нің карантиндік режимде жұмыс жасауы салдарынан газдандыру жұмысы баяулап қалған.
Темірлан ауылында 4000 абонент бар. «Казмонтаж» ЖШС 1970 үйге монтаж жұмыстарын аяқтаған. Ал көгілдір отынды пайдаланып отырғандар саны 520-ға енді жеткен. Бұл газ беріле бастаған өткен жылдың қыркүйегінен бері 13 пайыздық жұмысы орындалғанын көрсетеді. Арман Искаков Самал 1, 2 мөлтек ауданындағы 380 абонентке газ тарату жұмыстары бірнеше себептерге байланысты кешеуілдеп жатқанын жеткізді. Бүгінде аптасына 5 абонентке ғана газ беру жұмыстары атқарылып отыр. Бір айда 20 абонент газбен қамтамасыз етілмек. Демек, күзге дейін барлық абоненттің жартысы да көгілдір отынмен қамтамасыз етілмейді. Егер күн суыта бастаса, үйлеріне газ тартылмай қалған тұрғындардың жағдайы жақсы болмайын деп тұр.

ЖАРНАМА ОРНЫ
Тегтер:
Пікірлер

Пікірлер жоқ. Сіз бірінші пікірді жоғарыдағы форма арқылы қалдыра аласыз.