Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Қоғам

Бес шақырымды жөндеп әлек

Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов даңғылындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай-ақ қойды. Былтыр сәуірде құрылысы басталған бес шақырымдық жолдың жобасы жүз түрленіп, мың құбылды.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

Әуелдегі басты мақсат – қалаішілік басты 4 жолақты жолды 6 жолақты етіп қайта жасау болатын. Жарықшамдар орнатылып, вело мен аяқ жолдар халық игілігіне жарауға тиіс.

Басты жолдың жұмысы аяқталмай қойғаны көлік жүргізушілерінен бөлек, жаяу жүргіншілерді әбден қажытты. Былтыр құрылыс аяқталғандай болған. Енді емін-еркін жүреміз-ау дегенде, даңғылдың бойында айналмалы жолдың құрылысы басталып кетті. Бұл жол Дастархан сауда кешенінен бастап Қаракөз мазаратына дейінгі аралықта. Бұл жоба кімнің ақылы екенін қайдам. Ертең туристер қаптаса, көліктердің кептелісі орын алмасын деген ниетпен жасалып жатыр. Бұл – қаланың жол бөлімі басшысы Байдулла Оразбековтың айтқаны. Былай қарасаң, дұрыс-ақ, болашақты ойлап атқарылып жатырған жұмыс. Бірақ қынжылтатыны оның алдын ала ойластырылмағаны. Биыл жыл басынан бері қалада 65 шақырым жол асфальтталып бітсе де, бес шақырымдық жолдың әбігері екі жыл болды, бітпеді. Бұдан бөлек, жүз шақырымдық топырақ жол мен 400 шақырымдық шағал тас жолдар асфальттауға сұранып тұрғанын ескерген жөн. 

Айналмалы жолдан бұрын кәдуілгі тас жол пайдалануға берілген. Енді жобаға қажетті аумақ сүріліп тастап, қайта құрылыс жасалынды. Жаңа жобаның шығынын есептегіміз келген. Алайда қанша қаржы жұмсалғаны беймәлім қалып кетті. Хат арқылы жолдаған сұрауымызға ресми түрде жауап қатпағанымен қоймай, қажетті ақпаратты толықтай жол бөлімінен алу мүмкін болмады. Жасырды ма, жоқ жасырылды ма, ол жағы беймәлім.

Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы LED-экрандардың бірі веложолдың үстіне қойылған. Оған мән берген ешкім жоқ. Аяқжолдардың қанша рет сөгіліп, қанша рет қайта жасалғанына халық куә. Даңғыл бойының абаттандырылуы көңілді көншітпейді. Автожол ортасындағы шарбақтардағы көгалдандыру жұмыстары да мың құбылды. Ағаш отырғызылып, астына әдемі ақ тастар қойылған-ды бұрын. Қазір барлығын жинап әкетті. Егілген тұт ағаштарының жайқалып жапырақ жайғанын ешкім көрген жоқ. Бұған жауапты мекеме «Жасыл Түркістан» болып шықты. 

Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы бес шақырым жол осы жылдың аяғында бітеді деп жоспарланған. Басқа жоба шығып қалмай, биыл құрылыстың аяқталғаны түркістандықтар үшін қолайлы жағдай туғызар еді. 

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...