Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Қоғам

Инвестиция тартқанға дейін…

Елде коронавирус індеті өршіген тұста тазалық және гигиена талаптарын сақтауда кей әкімдіктер селқос қарап отыр.


Notice: Trying to get property 'post_excerpt' of non-object in /var/www/vhosts/janaturkistan.kz/janaturkistan/wp-content/themes/zoxpress/parts/post/post-img.php on line 35

15 маусымда жарияланған «ONTUSTUK» телеарнасының жаңалықтарында болашақта Түркістан облысының маңызды экотуризм орталықтарының бірі саналғалы отырған Кентаудың карантин кезеңіндегі жағдайы өте ауыр деп көрсетілді.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұған бей-жай қарамады.

Facebook-тегі Кентау қаласы әкімінің тікелей эфирінде, экологиялық тазалықтың нашарлығы жайлы сөз қозғаған халық, қаладағы пәтерлердің қоқыс контейнерлерінің уақытында босатылмауы және қала тазалығына көбірек мән беру керектігі туралы пікірлерін білдірді.

«Тариф – өте төмен!»

Бұл – Кентау қаласы әкімі Дәурен Мақажановтың мәлімдемесі. Айтуынша, қаладағы тазалық жұмыстары үшін төленетін қаржымен ешқандай мықты компаниялар жұмыс жасауға келмейді. Сондай-ақ қоқыс жинайтын контейнерлер әбден тозған. Оған инвестиция қажет көрінеді. Әкімнің Павлодардан алып келген сарапшыларының сөзінше, Кентау қаласында тазалық жұмыстары үшін алынатын ақының тарифтік бағасы 400 теңге болуы керек. Бірақ бір жыл бұрын тарифтер 2019 жылғы мамыр айыннан бастап 9%-ға төмендетілген. Қазір әр адам басына байланысты көп қабатты үй тұрғындары 107 теңге, жеке үй тұрғындары 120 теңге көлемінде ақы төлеп келеді.

«Инвестиция тартқанға дейін»

Қала тазалығы туралы мәлімдемесін жалғастырған Дәурен Мақажанов, «әкімдік инвесторларды тапқанға дейін қала көлемінде сенбілік тазалық жұмыстарын жүргізетін боламыз» деді. Бүгінгі коронавирус инфекциясының салдарынан туындаған карантиндік режимде сенбілік жұмыстарының жүргізілуі жөн болмас. Инвесторлардың табылып, қалаға жуық арада келе қоюы да екіталай. Ол уақытқа дейін қала тазалығы тағы еленбей қалайын деп тұр.

«7 техниканың 6-ы жарамсыз»

Кентау қаласы тұрғын үй коммуналдық және шаруашылық бөлімі берген ресми деректер бойынша «Тазалық-Кентау» ЖШС-де штаттық кесте бойынша 66 маман жұмыс атқарады. Серіктестікте жалпы 18 техника бар. Бұл техникалардан 7 данасы әкімшілік тарапынан берілген. Бірақ біреуінен басқасы қолдануға жарамсыз деп танылған.

Біздің денсаулығымызға қауіп төніп тұр!

Кентау қаласында жаз мезгілінде температура 35-40 градусқа дейін жетеді. Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлері бірнеше күн бойы төгілмей, жиналып қалады. Контейнерлер қоқыстан босатылса да, қажетті тазалық жұмыстарын жүргізбегендіктен ғимарат ауласына таралатын қолаңса иіс қолқаны алады. Балалар ойын алаңына жақын орналасқан бірнеше контейнерлерде қоқыс қалдықтарының шамадан тыс жиналып қалуы – тазалық пен гигиена сақтау аса қажет тұста денсаулыққа қауіп төндіретін үлкен мәселе.

Кентаудың жағдайы, ХХІ ғасырда Қазақстандағы көптеген қалаларды құруда мысал ретінде көрсетілген 65 жылдық тарихы бар Қаратау тәжінің, өкінішке қарай, біз бүгін куә болып отырған жағдайы өте ауыр. Кентау әкімдігі мүмкіндігінше тезірек қимылдап, болашақта маңызды экотуризм орталықтарының бірі болатын қаланың тазалығына ерекше назар аударуы тиіс. Егер инвесторларды күтіп отыра берер болса, қалада бүгін-ертең оқыс жағдайдың реттелетініне күмән жоқ емес.

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...