Сапалы қызмет-сенімге арқау

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бекітілгеніне биыл үш жыл. Бағдарламаның басты мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру болып табылады.

Сапалы қызмет-сенімге арқау
17.07.2020
120
A+
A-

Ордабасы ауданының ресми интернет-ресурсынан қажетті деректерді алудың өзі мұң. ordabasy.gov.kz-тің қызметін қазақ тілінде көргісі келетіндер маңызды ақпараттарға қол жеткізе алмайды. Әкімдік сайтының «Жалпы ақпарат» санатындағы «Здравохранение», «Инвестиция» бөлімдеріндегі материалдарды оқығыңыз келсе, «Извините, но эта статья доступна только на русский» деген хабарлама алдыңызға келеді. Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңына сүйенсек, интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Бұл заңның 16-бабы 9-тармағында көрсетілген. Сондай-ақ қазақ, орыс тілдеріндегі ақпараттарды араластырып қою туралы мәлімет жоқ.

Әкімдікпен байланыс орнатамын деп әурелену – бекершілік. Ауыл әкімдерінен басқа электрондық поштасы, қызмет телефондары көрсетілген әкімдік бөлімдерін, оның құрылымдық бөлімшелерін табу мүмкін емес. Ақпарат иеленушілер интернет-ресурстарында ең бірінші кезекте мемлекеттік орган жайлы толық ақпарат беруге міндетті болса да орындалмай отыр.
Жаңалықтар легін жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс болса да, ауданның ресми интернет-ресурсында шілденің 9 күні ең соңғы ақпарат енгізілген. Жаңа әкімнің суретін ауыстырып қоюға мүмкіншілігі бар сайтқа жауапты мамандардың олқылықтарды түзетуге шамасы жететін шығар.
Бүгінде сандық жүйенің дамып, шынайы әрі ресми хабарларды халыққа таратуда ыңғайлы платформаларды құру жеңілдей түсті. Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бекітілгеніне биыл үш жыл. Бағдарламаның басты мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру болып табылады. Алайда осындай үлкен жобалар жүзеге асырылып жатқанда әкімдіктердің сандық технологияға бейжай қарауы көңілге кірбің түсіреді. Сапалы қызмет ұсынса, халықтың да ресми ақпарат орналасқан интернет-ресурстарға деген сенімі артатыны сөзсіз.

ТЕГТЕР:
ПІКІРЛЕР

Пікір жоқ. Сіз бірінші пікірді жоғарыдағы форма арқылы қалдыра аласыз.