Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Малды ұрлаған екеу ұсталды

Ордабасы Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Онда түнгі уақыттарда үй ауласында орналасқан қорасына белгісіз тұлға заңсыз кіріп, 4 бас қойын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті.

Мал ұрыларын ұстауға АПБ-нің жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспекторлар жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық жайылымдар мен аулаларды аралап, куәгерлерден сұрастырған. Соның нәтижесінде бір тұрғын түнгі уақыттарда күдікті автокөлікті байқағанын айтқан. Жергілікті учаскелік полицейлер осы бағыт бойынша тыңғылықты жұмыс жасап, күдікті ретінде екі жас жігітті ұстады. Олар жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті екеу өзара ақылдасып, жәбірленуші ер азаматтың үйіне түнгі уақытта қорасының есігін бұзу арқылы енген. Содан соң 4 қойды алып шығып, өзінің басқаруындағы автокөлікке дейінгі аралықта сүйреген. Ұрланған уақ малдарды көрші ауылдағы танысына алып барып, 100 000 теңгеге сатып жіберген. Ал оңай жолмен келген ақшаны олар құмар ойындардың біріне салған. Сонымен қатар тергеу істерінің нәтижесінде күдіктілердің осы оқиғадан бір апта бұрын жәбірленушінің 3 бас қойын ұрлағандықтары да анықталды. Өз кезегінде мал ұрлығының құрбаны болған тұрғын тәртіп сақшыларына алғысын айтты.

Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына өз мүліктерін ұрылардан сақтауды және малын жайылымда қараусыз қалдырмауды ескертеді. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпастан тез арада полицияға «102» нөмірі арқылы хабарласу керек.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Жаңалықтар

«Тазалық - иманның жартысы» деп Пайғамбарымыз (с.а.с ) имандылықтың жартысы ішкі және сыртқы тазалықтан тұратынын жеткізген. Бұл сөз жер бетінде көпшілік арасында айтылып жүрсе...

Жаңалықтар

Түркістан қаласының басты экологиялық мәселелерінің бірі – оның құрғақ климаты, құмды желі. Мұның шешімі ретінде қала маңында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы 2019 жылдан бастау...

Жаңалықтар

Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Cпорттағы cегіз жылда үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан...

Жаңалықтар

«Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кабель желiлерiн зақымдағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен...