Түлкібас АПБ-нің қызметкерлерімен және мобильдік топтармен рейдтік іс шараларын жүргізу барысында, 2020 жылдың 11 айында жалпы 12 630 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы мас халде автокөлік басқару бойынша 59, қоғамдық орынды ластау бойынша 870 хаттама, жол көлік оқиғасы бойынша 64 әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы карантин режимін сақтамағандарға 585 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар түлкібастық полицейлер аудандағы мейрамханаларды аралап, желтоқсанның 25-і мен қаңтар айының 7-не дейін карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
Кешкі уақытта түрлі іс-шаралармен ойын-сауықтар болмайтыны айтылды. Аталған мейрамхана иелеріне полицейлер ескерту жаднамаларын таратты.
Сондықтан Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға ойын-сауық орталықтарына,
мейрамханалар мен адам көп шоғырланатын жерлерге бармауды ескертеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі