Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Полицейлер карантин талаптарын күшейтуде

Түлкібас ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен Түлкібас ауданы аумағында жалпы құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бағытында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылды.

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлерімен және мобильдік топтармен рейдтік іс шараларын жүргізу барысында, 2020 жылдың 11 айында жалпы 12 630 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы мас халде автокөлік басқару бойынша 59, қоғамдық орынды ластау бойынша 870 хаттама, жол көлік оқиғасы бойынша 64 әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы карантин режимін сақтамағандарға 585 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар түлкібастық полицейлер аудандағы мейрамханаларды аралап, желтоқсанның 25-і мен қаңтар айының 7-не дейін карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
Кешкі уақытта түрлі іс-шаралармен ойын-сауықтар болмайтыны айтылды. Аталған мейрамхана иелеріне полицейлер ескерту жаднамаларын таратты.

Сондықтан Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға ойын-сауық орталықтарына,
мейрамханалар мен адам көп шоғырланатын жерлерге бармауды ескертеді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...

Жаңалықтар

Түркістан өңірінің танымал ақсақалы, мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Қоғам қайраткері, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» – Мырзан Ханділлаев 78 жасында өмірден озды. Ел азаматының...

Жаңалықтар

Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпoвтың назарына!

Жаңалықтар

Түркістан облыс орталығы атағын иемденіп, қала ішіне жаңашыл бағыттағы идеялар легі іске аса бастады. Қала кіреберісінен толық көмкерілген әдемі гүлзарлар мен саябақтар көне шаһардың...