Түркістандағы тұрғын үйлер жылу маусымына толық дайын емес

Түркістан қаласында жылу қазандықтары іске қосылды. Алайда жиырмаға жуық көпқабатты тұрғын үйлер жылуға жарымай отыр. Қала ішін толық жылумен қамтамасыз ету туралы қаулы бекітілсе де, 1 және 2-ші мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер рахатын көрмей отыр.

Түркістандағы тұрғын үйлер жылу маусымына толық дайын емес
ЖАРНАМА ОРНЫ
28.10.2020
353
A+
A-

Күз келіп, күн суыта бастаған уақытта жылуды сарыла күтетіндер көпқабатты үйдің тұрғындары. Себебі басқалар сияқты өз бетінше әрекет ете алмай, үкімет тарататын жылу қазандықтарына тәуелді болады да қалады. Қала әкімдігі Түркістанға жылу жүйесін жіберу туралы арнайы қаулы бекітті. Тиісінше тұрғындар жаппай жылумен қамтылуы тиіс болатын. Алайда 1 және 2-ші мөлтек аудан тұрғындарының жылуға байланысты айтар шағымдары аз емес. №24, №3, №22, №20, №11, №9, №5, №7, №8, №10, №13, №14, №16, №21, №23, №3, №2 көп қабатты тұрғын үйлер жылудан құр қалып отыр. Тұрғындар жыл сайын жұрт қатарлы жылуға қосыла алмай әуре болатынын айтты. Биыл шешімі болады деп күткен жылудың жыры әлі де жалғасын тапқанына қынжылады. Ең жаманы көрші тұрған пәтерлер жылу жүйесіне қосылып, рахатын көріп жатқанда өздерінің көрпе жамылып, қалтырап отырғандарына ызалары келетінін жасырмады.

Бірінші мөлтек ауданындағы тұрғындар ПИК (пәтер иелері корперативі) қызметкерлері күн суыта бастаған уақытта құрал-саймандарын арқалап, жертөледегі құбырларды кесуге кірісті дейді. Тұрғындардың сөзіне сенсек, көктемнен бері жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Жылу берілетін мерзім жеткенде жылу құбырларын кесіп тастап қайтадан жаңалайтындығын айтқан көрінеді.

1-мөлтек ауданындағы 48 үйдің қауіпсіздігіне жауап беретін ОҚО үйлерді басқару мекемесінің басшысы Жұмабек Исмайлов аталған мәселер бойынша сұрау алған болатынбыз. Ол тұрғындардың шағымы бойынша ешқандай құбырларды кесіп жатпағандығын, керісінше жарамсыз кейіпке түскенді жөндеуден өткізетінін алға тартты. Биыл сәуір айынан бастап осы жауапкершілікті мойнына алған мекеме бүгінге дейін пәтерлерді толығымен жылуға дайындай алмаған. Тұрғындардың қытығына тиіп отырғаны да тақалған уақытта құбырларды жаңалап, дер кезінде әрекет ете алмаған мекеменің жұмыстары. Нәтижесінде жиырмаға жуық көпқабатты үйдің тұрғындары жылу жүйесі іске қосылса да, жылына алмай көрпе жамылып отыруға мәжбүр.

Ал «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» басшысы Н.Бектурсынов жылу жүйелері іске толық қосылмастан бір күн алдын тесттік режимде бірнеше пәтерге жылу жіберілгенін мәлімдеді. 1 және 2-ші мөлтек ауданында 75 көпқабатты үй болатын болса, оның қырық біріне алдын ала тексеру жұмыстары үшін жылу жіберілген. Сынақ нәтижесінен кейін аталмыш көпқабатты тұрғын үйлер тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Бірақ жоғарыда аталған мөлтек ауданда жиырмаға жуық үйлер жылу жүйесі қосылса да, жылына алмай әлек.

ЖАРНАМА ОРНЫ
Тегтер:
Пікірлер

Пікірлер жоқ. Сіз бірінші пікірді жоғарыдағы форма арқылы қалдыра аласыз.