Бізбен байланысыңыз

Сәлем, сіз не іздеп жүрсіз?

Жаңалықтар

Түркістанда тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрылды

Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпoвтың назарына!

Өткен аптада Түркістанда қалың қар жауып, арты боранға ұласқан ауа-райында қала халқы жарықсыз қалды. 22-24 қаңтар күндері қаланың бірнеше аймағында электр желілері істен шыққаны анықталды. Осыған байланысты Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Сакен Хандиллаев ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевқа арнайы хат жолдаған болатын. Нәтижесінде 2021 жылғы 22-24 қаңтар күндері болған технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылды.

Жауап-хат мәтіні төмендегідей:

“Министрліктің тапсырмасы бойынша, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) өтініште көрсетілген мәселелерді және 2021 жылғы 22-24 қаңтар күндері, ауа-райының күрт нашарлауына байланысты аудан, қалаларда электр қуатының сөнуі бойынша мәселені жан-жақты қарастыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма) бірлесіп, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың қорытындысы бойынша, Басқарма «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен бірлесіп, төтенше жағдайда оперативті бірлескен іс-қимыл жасауға әрекет ететін мобильді топ құрылып, бірлескен іс-шара жоспары әзірленді (Орындау мерзімі 8.02.2021 ж.). Сонымен қатар, Түркістан қаласында орнатылған барлық электр желілеріне тексеру жүргізіп, ақау актісін қалыптастыру, қалпына келтіру бойынша ақау актісін жекеменшік электр желісі мен трансформатор иелеріне ұйғарыммен ұсыну тапсырылды (Орындау мерзімі 16.02.2021 ж.). Жекеменшік электр желісі мен трансформатор иелері ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, Департамент тарапынан мемлекеттік энергетикалық бақылау органының құзыреті шегінде шаралар қабылданатын болады (Орындау мерзімі 18.02.2021 ж.). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген, Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Департаментпен 2021 жылғы 22-24 қаңтар күндері болған технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылды. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Комиссия осындай жағдайларға жол бермеу жөніндегі негізгі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды әзірлейтін болады. Атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат Департаментпен қосымша хабарланатын болады.”

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You May Also Like

Денсаулық

Облыс орталығынан қырық шақырым жерде орналасқан Абай ауылы тұрғындарының бүгінде көңілі алаң. Мың жарым адамға жетер-жетпес халқы бар ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауыл...

Мәдениет

Жарты ғұмырын ән әлеміне арнаған дарынды тұлға — Шәмшінің туғанына биыл 90 жыл толды. Кеңес кезеңінде қазақ нақышындағы сазды өлеңдердің өмірге келуіне талай еңбегі...

Денсаулық

Ақ халатты абзал жандардың барлығына бүгінде әлем мұқтаж. Жыл басынан бері кесапат болып жабысқан кеселдің жалғыз құтқарушысы да – өздері. Ел басына күн туғанда...

Жаңалықтар

Нұртас Адамбайдың «Әкім» деген киносын көрген боларсыз? Күлдіріп тұрып жылататын фильм. Ауыз суға, жолға жарымайтын ауыл тұрғындарының ащы тұрмысын көрсеткен туынды аз уақыттың ішінде...